Ағылшын тілі пәнін 1 сыныпта оқыту
Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі 1 - сыныптардан бастап пән ретінде жүріп жатыр. Себебі өскелең жас ұрпақ ағылшын тілін меңгеруі тиіс. 1 - сынып оқушыларына ағылшын тілінде сабақ беру мұғалімдер үшін қиындық туғызары сөзсіз. Бастауыш сыныптағы әрбір сабақ басынан аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш. А. Амонашвили мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беруі тиіс деген. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты оятуы қажет. Яғни, мұғалім оқушыларға жымиып, оқушыларман жылы амандасып, хал жағдайларын сұрап, 45 минут ішінде оқушыларды өзіне тарта білуі керек.
Өзім қызмет ететін Атырау қаласы, Атырау селосы Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектепте биыл 2013 - 2014 оқу жылынан бастап 1 сыныптан бастап ағылшын тілі пәні қосылды. Мектепте 1а, ә б, в, г сыныптары бар. Оқушыларда пәнге деген қызығушылығын оятатын Алматыкітап баспасынан шыққан оқулық және дәптері бар. Сонымен бірге әр сабақта өтілетін жаңа әріптерді қайталату үшін CD бар. Оның ішінде әндер, тақпақтар, диалогтар бар. Оқушы осыны тыңдау арқылы жаңа тақырыпты түсінеді. Өзім сабақ беретін 1б, в сынып оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысады. Өзіме ең жақын сыныптың бірі 1 в сыныбы. Сынып жетекшісі Сұпығалиева Камшат. Бұл сынып оқушылары тәртіпті, мұғалімнің берген тапсырмасын бұлжытпай орындайды. Бұл сыныпта 12. 02. 2014 күні My favourite toys тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа белсене араласып, өтілген сөздерді естеріне түсіріп қазақ, ағылшын тілінде айтты. Жаңа тақырыпты оқушылар қызығушылықпен орындады. Өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы сурет салып, ойыншықтар туралы жаңа сөздер мұғалімге мүдірмей оқып берді. Сабақта Жоламан Жігер, Мүфти Исламбек, Табидоллаева Мадина өз білімдерін өте жоғары деңгейде екенін ұстаздар қауымына сабақ барысында көрсете білді. Марат Индира, Табидолла Ақмарал, Жұмабаева Асылай сынды оқушылар өздері жақсы көретін ойыншықтарының суреттерін көрсетіп 2 тілде аудара алатындығын көрсетті. Бұл оқушыларда ағылшын тіліне деген ынтасы бар екенін көрсетті. Сабақ өте қызықты, тартымды өтті. Сабақ барысында әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаландым. Сабақ қорытындыланып оқушылар түгел бағаланды.
Төменде 1 сыныпта өткізген ашық сабақ үлгісі.
Class: 1v
The theme: My favourite toy (презентациясымен)
Aims of the lesson: To learn new words, to develop pupil’s logical thinking, speaking, listening and writing letters Dd, Ee, then pronounce words.
The type of the lesson: new technological way of teaching.
The methods of the lesson: question - answer, interactive methods
Visual aids: a book, toys, an interactive board etc.
The procedure of the lesson
I. Organization moment.
T:- Good morning pupils!
P:- Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning dear teacher.
We are glad to see you.
Sit down. OK. Let’s begin our lesson.
a) Conversation with a pupil on duty.
- Who is on duty today?
- Who is absent?
b) Checking up the home task.
- What was your home task for today?
- Who wants to say me?
- Our home task to learn the letters Bb, Cc and to learn by heart new words.
II. Warm - up
Тeacher: Pupils, listen to the a poem in Kazakh. What about a poem?
Сәби шақта ойнадым
Қызыққа мен тоймадым
Кей - кезде оны қызықтап
Есіме ап қоямын
Бәрі қазір тізіліп
Ұқыппенен жиналған
Сабақтан бос кезімде
Олармен мен ойнаймын
Pupils: - Ойыншықтар.
Teacher: - Who wants translate into English ойыншықтар?
Pupils: - Toys.
III. New lesson.
Track 33
D, d, d [d] duck
E, e, e [e] egg
Learn the new letters and new words. Listen.
IV. New words
Duck - үйрек ----------------- Favourite - сүйікті
Egg - жұмыртқа ------------- Doll - қуыршақ
Dog - ит ----------------------- elephant - піл
Toy - oйыншық
Dd is for duck
Ee is for egg
T: Pupils answer my questions
- Madina, what is your favourite toy?
- My favourite toy a doll
- Zhiger, what is your favourite toy?
- My favourite toy a duck
T: Right you are. Very good.
V. Learn the rhyme
I like toys
Cars and balls
Bears and dolls are
My favourite toys
VI. Working with copybook
Ex. 1 Draw your favourite toy. Talk about it.
VII. Phonetical exercises.
Hands on the table ------------------- Hands behind the back
Hands on the hips -------------------- Hands up and down
Hands on the shoulders ------------- And sit down
Hands like this
T: Let’s do some exercises. Pupils, you must draw the favourite toys.
T: Pupils, look at the blackboard. Read and match.
Write the letters. Say the words.
VIII. Conclusion of the lesson. Solve the riddles. A poem about the toys.
1. Екі аяғы да жоқ
Белінде таяғы да жоқ (жұмыртқа - egg)
Who knows? Who wants translate in to English “жұмыртқа”?
2. Көлде жүрген көп сиыр
Жетіп барсаң жоқ сиыр (үйрек - duck)
3. Ойыншығым піл екен
Мұрны ұзын біл оны
Өзімеде ұнайды
Маңғаз оның жүрісі
4. Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді
5. Добым - добым домалақ
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелканы сындырдың
Тұрмын сені тепкім кеп
T: Very good. Sit down. You work hard today.
IX. Giving homework. To learn by heart new words.
X. Marks