Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Антоним дегеніміз не?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану)
Сабақ нәтижесі: Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Барлық оқушылар: Антоним туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар: Тапсырмаларды орындау барысында антоним сөздерді тауып мағынасын ажыратады.
Кейбір оқушылар: Антоним сөздерді ажыратады, өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийі: - Антоним сөздерді ажыратады, мағынасын түсінеді;
- Антоним сөздерді сәйкестендіре алады;
- Сөйлеу барысында антоним сөздерді қолдана алады;
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясы құндылықтары негізінде ұлтжандылыққа, бір - біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Жауапкершіліктерін арттыру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Басталуы 5 минут
Алақай, сабақ басталды!
I. Ұйымдастыру
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты - Еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп
Мұның аты - Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек!
Еңбек ет те мақтап,
Ойнап күл де шаттан !
Спорт түрлерімен топқа бөлу
1 - топ Футболшылар
2 - топ Волейболшылар
3 - топ Баскетболшылар
Ширату
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады.
Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
Антонимдер – мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздер.
Антонимдер – грек тілінде anti – қарсы, onota – атау дегенді білдіреді.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
бастауыш пәні мұғалімі
Жолтаева Гаухар Айжарыққызы
Антоним дегеніміз не? жүктеу