Желтоқсан айы қай мезгілдің айы

Скачать

Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру.
Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс: Санамақ жаттап келу.
Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілдерінің киімдері, ұлттық киімдер, әліппе дәптері.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қорғаушы
Ұйымдастыру - ізденушілік
Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Біз қазақтың баласы
Дені сау, салауатты,
Біз – ұлттың болашағы.
Білімді де сауатты.

Өткен тақырыпты қайталау.
- Өткен сабақтағы ертегі қалай аталады?
Жыл басына таласқан жануарлар
- Жыл басы қай жануар болды?
Тышқан
- Жыл аттарын рет – ретімен атайықшы
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін нешесі?
- Желтоқсан айы қай мезгілдің айы?
- Қыс мезгілінің тағы қандай айлары бар?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілінде жылы киінуіміз керек.
Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Қысқы киімдер . Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?


Скачать


zharar.kz