Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Тассуат ауылы,
Индустриальный орта мектебінде
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдрахманов Ерганат Айдарович
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған “Тәуелсіздіктің тарихы” атты интеллектуалды ойын.
Жүр: Армысыздар құрметті оқушылар және мұғалімдер. Біздің ойынымызды бастамас бұрын, 2 команда қажет, сондықтан 8 - 11 сыныптардан екі оқушыдан шығуларыңызды сұраймын. Әділ қазылар алқасымен таныстыру
Алдымен ойынның тақырыбын ашып алайық, ол үшін мына видеоға назар аударыңыздар. (Видео тұсау кесер ) 1 слайд
Тақырып ашылды: Қазақстан тарихына және қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Тәуелсіздіктің тарихы атты интеллектуалды ойынды бастаймыз. Келесі видеоға назар аударыңыздар керек ақпараттарды түртіп отырыңыздар. (видео Қазақстан тарихы) 2 слайд
Сен қазақсың!!!
Сен қазақсың себебі әкең қазақ,
Ақ сүт берген, ақ жаулықты анаң қазақ.
Ата - дәстүр салтымен ағып жатқан,
Денеңдегі қасиетті қаның қазақ.
Сен қазақсың себебі тілің қазақ,
Ізіңде еріп жүрген інің қазақ.
Бір қараған алыстан танитұғын,
Ақ дидар, мөлдір қара көзің қазақ.
Халықсың кең даланы мекен еткен,
Жер үшін ата - бабаң қанын төккен.
Тәуелсіздік туымды көрем бе деп,
Ежелден ата - бабаң арман еткен.
Сен қазақсың сол туға қолы жеткен,
Бақыт бұл басыңа қонып келген.
Биік ұста сол туды таба етпей,
Дұшпандарға сені бүгін аңдып жүрген.
Біздің бүгінгі ойынымыз ІІІ бөлімнен тұрады.
І бөлім Әдебиет – өмір айнасы .
Бұл бөлім 2 кезеңге бөлінеді. Ал бастайық: Ежелгі дәуір әдебиеті
1. Ежелгі дәуір әдебиеті неше және қандай кезеңдерге бөлінеді? (2 ұпай)
2. (жауабы: ҮІ - ІХ ғ арналығындағы көне түркі әдеби ескерткіштер
Х - ХІІ ғ әдебиет, ислам дәуіріндегі әдебиет, ХІІІ - ХҮ ғ әдебиет немесе Хорезм дәуіріндегі әдебиет)
3. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар нешінші ғасырларға жатады? (Жауабы: ҮХ - ІХ ғ әдебиет)
4. Құдадғу білік дидактикалық дастанының авторы кім? (Ж. Баласағұн)
5. Көк түріктің көк семсері атанған атақты батыр кім? (Күлтегін)
6. Солтүстік Моңғолиядағы Орхон және Селенга өзендері бойынан руна жазулары бар үлкен құлпытастарды тапқан орыс ғалымы. (Н. М. Ядринцев).
2 кезең:
1. Түркістан – екі дүние есігі ғой... өлеңінің авторы кім? Өлеңді жалғастыр
(2 ұпай) (М. Жұмабаев)
2. Ленинградцы, дети мои! ленинградцы, гордость моя!.. өлең қазақ тіліне аудар. Авторын ата (2 ұпай) (Ленинградтық өренім. Жамбыл Жабаев)
3. І. Есенберлиннің трилогиясы. ( Көшпенділер )
4. (Алаш)
5. І. Жансүгіров қашан және қайда туған? (2 ұпай) (1894ж Талдықорған обл, Ақсу ау - ны)
6. М. Мақатаев.
Келесі ІІ бөлім Тарихи шежіреге саяхат
І - кезең
І тапсырма. Үш жүздің руларын дұрыс сәйкестендір. Көрермендермен ойын
(Ұлы жүз: Үйсін, Дулат, Қаңлы, Албан, Жалайыр; Орта жүз: Арғын, Найман, Керей, қыпшақ, Қоңырат, Уақ; Кіші жүз: Байұлы, Әлімұлы, Жетіру)
ІІ тапсырма. Үш жүздің билері бойынша класстер құрастыру.
Көрермендерге викториналық сұрақтар
ІІ кезең
Қазақ халқының ауызында мынандай сөз бар: Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса - ел ырысы .
Келесі ІІ кезең Қазақ батырлары
1. 1 - сурет. Бөгенбай қай ғасырда шайқастарға қатысты? 1708 қанша мың жасаққа қолбасшы болған? Қай жылы қайтыс болды? (3ұпай) (ХҮІІІ ғ. 30 мың 1680 - 1778жж)
2. 2 - сурет. Махамбет кім? Өлеңдерін ата. Махамбеттің ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі досы және көсемі, ұйымдастырушысы кім? (3 ұпай) (қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836 - 1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс , Мен, мен едім, мен едім... т. б.)
3. 3 - сурет. Қабанбай батырдың шын аты? Қай жерде және қашан дүниеге келген? (3 ұпай)
(Ерасыл. 1692 ж. ШҚО Үржар ауданы)
ІІІ кезең Қазақ хандығы
1. Әбілқайыр хан қай жүздің ханы? Қашан және қай жерде туған? (3 ұпай) (Кіші жүз, 1693ж Түркістан)
2. Төле би Абылай ханды қалай атаған? Қай жылдары қазақ Ордасының ханы болды? Абылай хан кімнің ұрпағына жатады? (Сабалақ, 1711 - 1781жж Жәңгір хан)
3. Кенесары кімнің немересі? Қай жылдары ұлт - азаттық қозғалысын басқарды? Қай жүздің ханы? ( Абылай ханның, 1837 - 1847жж, Орта жүз)
4. Жәңгір ханның әкесі? Жәңгір хан қай жылдары өмір сүрді? Ел басқарған кезеңі? (әкесі - Бөкей, 1801 - 1845жж өмір сүрді, 1823 - 1845жж ел басқарды)
ІІІ - бөлім ХХІ ғ Қазақстан
1. (СПОРТ) Ауыр атлетикадан 2 дүркін әлем чемпионы кім? (Илья Ильин)
2. (ҒЫЛЫМ) ЕХРО – 2017
3. Бұл қала Япония мемлекетімен бірлесіп Сельмаш зауытын ашқан. Бұл қай қала? (Астана)
4. Түркияда өткен “Turkvision” халықаралық Дала әні байқауында бас жүлдеге ие болған қазақтың әнші қызы кім? (Жанар Дұғалова)
Рефлексия. Видео көрсету. Менің елім - Қазақстан
Сөз кезегі әділ қазылар мүшесіне.
Отанымызды сүйіп, еліміздің мақтан тұтар азаматтары болыңыздар. Қатысқандарыңызға рахмет. Жеңіскерлерді құттықтаймыз.
Толық нұсқасын жүктеу