Дәстүріңді сақтай біл

Скачать

Біз бақытты отбасы
Мақсаты: Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен - кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы - бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата - ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған Біз бақытты отбасы атты сайыс өткелі отыр.
Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
_______________ отбасы ортамызда.

2. Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
______________ отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

3. Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
_______________ отбасы таласады.

4. Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға.
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып __________ отбасы.

Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстырайық.
1. Таныстыру.
2. Дәстүріңді сақтай біл (көрініс)
3. Мақал - мәтелді жалғастыр. Жұмбақтың шешуін тап.
4. Көңілді аспаздар .
5. Полиглот.
6. Сурет салу
7. Сән үлгісі.
Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,
- деп әділ қазыларды таныстырып өтейік.

1.
2.
3.

І Кезең
Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық,- деп өз отбасын таныстыру бөлімін бастаймыз.

ІІ Кезең

Ата - ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызар да ерініңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін - деп сайысымыздың екінші бөлімі. Дәстүріңді сақтай біл.

Көрініс.

ІІІ Кезең

3 Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық,- деп кезекті Мақал - мәтелді жалғастыр. Жұмбақтың шешуін тап. сайысына кезек берейік.

1. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын ___________ ( жұмсағым дер)
2. Атаның көңілі балада,
Баланың _____________ (көңілі далада.)
3. Отан____________ басталады. (отбасынан)
4. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. Кітап
5. Қардай аппақ, балдай тәтті – ақ. Қант.

1. Ине өткен жерден _______________ (жіп өтер)
2. Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың _________________ (жағасы бар)
3. Балалы үй базар,
Баласыз үй___________ ( қу мазар)
4. Ұрсаң жерде зулайды,
Жерде қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басына,
Ешбір зиян тимейді. Доп
5. Жылт – жылт еткен, жырадан өткен. Су

1. Бас екеу болмай,
Мал ______________ (екеу болмас.)

2. Ананың ізін қыз басар,
Атаның ____________ (ізін ұл басар)

3. Жылы – жылы сөйлесең,
_________________ (Жылан інінен шығады.)

4. Әрі қызыл, әрі тәтті.
Татқан жанды таңырқатты. Алма
5. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. Сөз

ІV кезең
Кірпігімнің әр қағысын санаған
Көз аудармай күндіз түні қараған
Айналамда жүргендердің бірінен
Бар ма анамдай тірлігіме жараған - дей келе келесі кезекті аналар сайысына кезек береміз. Сайыс Көңілді аспаздар деп аталады.

V кезең.
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған дей келе келесі кезекті әкелер сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы әкелеріміз белгілі бір уақытта кез - келген тақырыпқа сурет салып беруі қажет. Ән Аруна

VI кезең. Полиглот.
Қатыссаңдар көтерер көңіл күйін,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса,
Мақсатқа жетеміз – ау біз де бүгін. (Алтыбақан сөзінен сөз құрастыру)

VIІ кезең.
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар,
Сонымен бірге ақылды болыңдар.
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар,
Сонымен бірге саналы болыңдар.
Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар,
Сонымен бірге салауатты болыңдар.
Иә жақсылыққа шын сенейік
Отбасының, бір биікке теңейік.
Ал енді сәндік үлгісін көрсетсін Отбасыларға кезек берейік - дей келе сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған сән үлгісін балаларына кигізіп көрсетеді.
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Құрметті ата - аналар, балалар және қонақтар бүгінгі
Отбасы - бақыт мекені апталығы аясында Біз бақытты отбасы атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рақмет!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна


Скачать


zharar.kz