Сабақтың тақырыбы: Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойын логикалық тапсырмалар арқылы дамыту, есеп түрлері жайлы білімдерін жетілдіру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту барысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: нақтылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу, құстардың пайдасын ұғындырып, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: пысықтау, жинақтау.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, іздендіру, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, есеп мазмұнына салынған суреттер, кестелер, дидактикалық материалдар.
ТСО: Оверхед - проектор.
Пәнаралық байланыс: бізді қоршаған әлем, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға басамыз.
Есептерді шығарып,
Өсіп алға басамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
№5 50 - бет есептеу және шешімді тексеру.
Ережелерді айту:
а) Қосындының мәнін тексеру үшін, мәнінен бірінші қосылғышты алсақ, екінші қосылғышты алсақ, екінші қосылғыш шығу керек, немесе мәнінен екінші қосылғышты алсақ бірінші қосылғыш шығу керек.
б) Айырманы тексеру үшін мәніне азайтқышты қоссақ азайғыш шығу керек.
76+18=94
76 - 18=58
63 - 37=26
51+45=96
94 - 76=18
58+18=76
26+37=63
96 - 45=51
94 - 18=76
96 - 51=45
ІІІ. Өткенді пысықтау
Өткен сабағымызда қандай амалды өттік?
- Бөлу амалы.
Ойын: Тең бөлемін
ІV Жаңа сабаққа кіріспе
Күн реті
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем сөзінде неше әріп?
- 6 әріп.
- Неше буын?
- 2 буын.
- Олай болса 2 және 6 сандарынан екі таңбалы 2 сан құрастырып айтайық.
- 26, 62. (құрамын сұрау)
Көркем сан 62. Математикалық диктант.
Қызылорда облысы, Байқоныр қаласы,
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі
К. Э. Циолковский атындағы
№2 жалпы білім беретін орта мектеп
Математика пәні мұғалімі Рсалиева Сайран
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы. жүктеу