Еуразияның климаты

Скачать

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы,
Бейнеу гимназиясы ММ география пәні мұғалімі
Бекібай Марал Кітабайқызы

География 7 сынып
Сабақ тақырыптары:
1. Еуразияның климаты
2. Климаттық белдеулері

Тақырыбы: §18 - 19. Еуразияның климаты. Климаттық белдеулері
Мақсаты Оқушылар Еуразияның климаты, климат қалыптастырушы факторларын анықтайды, климаттық белдеулерінің ерекшелігін түсіндіреді. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізеді.

Күтілетін нәтиже Мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы материк климатының ерекшелігін ажырата білу.
Ойлау құралдары Физикалық карта, интерактивті тақта, атлас, бағалау парақшасы
Қажетті әдіс – тәсілдер Екі шеңбер әдісі, Мені түсін оқыта үйрету ойыны, Венн диаграммасы

Сұрақтар мен тапсырмалар (түрткі)
1. Шаттық шеңбері
2. Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу.
● Білу
Теориялық материалды еске түсіру арқылы оқушының қызығушылығын ояту
Екі шеңбер әдісі арқылы материк бойынша өтілген мағлұматты қайталау.
● Түсіну
Тақырыптың мақсаты мен міндетін ашу
Мені түсін оқыта үйрету ойыны.
А) Берілген мәтінді оқып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөзді дәптерге жазады.
№1 оқушы: Арктикалық, субарктикалық белдеу
№2 оқушы: Қоңыржай белдеу
№3 оқушы: Тропиктік, субтропиктік белдеу
№4 оқушы: Экваторлық, субэкваторлық белдеу

● Қолдану
Климаттық картамен жұмыс
Картамен жұмыс: 1. 500 с. е. бойынша қоңыржай белдеудің теңіздік және континенттік климаттарының салыстырмалы кестесін толтыр.

● Жинақтау
Тақырыпты қорытындылау
1 - топ. Еуразияның климаттық жағдайына оның географиялық орны, жер көлемі, жер бедері, мұхиттардан алыс - жақындығы қалай әсер етеді?
2 - топ. Материкте неше климаттық белдеу бар, қайсысы неғұрлым үлкен бөлікті қамтиды?
3 - топ. Жергілікті жердің климаты туралы не айтасыз?
4 - топ. Климаттың адамның шаруашылығына әсері.

Кері байланыс
Оқушылардан сабақ туралы рефлексия алу
Үйге тапсырма §18 - 19. Климаты. Климаттық белдеулері


Скачать


zharar.kz