Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл мұрасы

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
1. Халық ауыз әдебиеті
2. Тұрмыс - салт жырлары
3. Мақал - мәтелдер
4. Сәбидің дүниеге келуімен байланысты өлең - жырлар
5. Көңіл - күйді білдіретін өлең - жырлар

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты: а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, т. б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т. б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман - мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.
Бұл тарауға тұрмыс - салт жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, аңыз - әңгімелер, батырлық дастан мен лиро - эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.
Оларды оқып - үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіңдер. Асыл сөз өрнектерімен сусындап, рухани жан дүниелерің байи түседі.
Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде - бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы
Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Топпен жұмыс: Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.
Ауыз әдебиеті

Тұрмыс - салт жырлары
Мақалдар
Жұмбақтар
Аңыз әңгімелер
Мәтелдер
Шешендік сөздер
Айтыстар

Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.



6, 7, 8, 90, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды қарау
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды жүктеу
31, 32 ,33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38, 39, 40 сабақтарды қарау
41, 42, 43, 44, 45 сабақтарды қарау
46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54, 55 сабақтарды қарау
56, 57, 58, 59, 60 сабақтарды қарау
61, 62, 63, 64, 65 сабақтарды қарау
66, 67, 68, 69, 70 сабақтарды қарау
71, 72, 73, 74, 75 сабақтарды қарау
76, 77, 78, 79, 80 сабақтарды қарау
81, 82, 83, 84, 85 сабақтарды қарау


Скачать


zharar.kz