Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Күн, су, ауа пайдасы мен қажеттілігі
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, табиғат сыйы туралы жан - жақты түсінік беру. Табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға үйрету. Күн, су, ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаны бүлдірмеуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қайнар көзі күн, мөлдір, таза су, оттегі. Билингвальді компонент: күн - сольнце, су - вода, ауа - воздух
Көрнекіліктер: АТК - құралы, тәжірибеге керекті құралдар, судың ыдыстары, суға қажетті қоспалар, суреттер.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Релаксациялы жаттығу жасату, әуенмен.
Іздену – ұйымдастырушы - Балалар, табиғат – айналамызды қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар өмірдегі керемет жаратылыс. Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды. Балалар, табиғаттың адам денсаулығына қажетті үш байлығын еске түсірейік, ол үшін жұмбақ жасырайын:
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
Бұл не? (күн)
- Дұрыс балалар, күнге ұқсау үшін не істеуіміз керек?
- Қолымызды ұстасып, дөңгелене тұрайық. Қазір, неге ұқсадық?
- Балалар, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі – Күн. Ол бізге не үшін керек?
- Олай болса, біз де бір - бірімізге ыстық лебіздерімізді айтып, жылу берейік.
Күн - әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Ол орасаң мол энергия бөліп шығарады. Ғалымдар күн батареясын ойлап тапқан, бұл арқылы үйді жылытып, электр тоғын алуға болатынын дәлелдеген. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуағына ультра күлгін шуағы жатады, міне солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды Д дәрумені бар. Адамға күннің тигізетін пайдасы қандай?
- Егерде күн шуағын дұрыс пайдаланбасақ, зияны да болады. Оның зиян жағын кім біледі, қандай болады?
- Дұрыс айтасыңдар, күн – табиғи дәрі, ал дәрі арнайы қатаң өлшемді талап етеді. Сондықтанда күннің шуағын дұрыс пайдалана білейік.
Күн бізге шуағын, нұрын төгеді, бізде күнге ақ тілегімізді айтайық: (барлығы қосылып)
- Табиғаттың екінші байлығын жұмбақ арқылы жасырайын:
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік қурайды?
Бұл не? (су)
- Су - өзен, көл, теңіз, мұхит т. б. болып бөлінеді, судың қасиеті: мөлдір, түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйық болып келеді. Балалар, су не үшін керек бізге?
- Дұрыс айтасыңдар, су тіршілік атаулының нәрі, табиғи құнды байлық. Ал лас суды ішуге болама? Қандай суды ішеміз?
Зерттеу – тәжірибесін жүргізу:
а) ыдыстағы суға бояғыш қосса - түс пайда болады;
б) дәмсіз, иіссіз суға - дәмін келтіруші қоспа қосу, дәм келтіру;
в) ыдыстағы мұзды ерту арқылы - судың пайда болуы, судың мұзға айналуын көрсету (Осы жасалған тәжірибеден балалардың әртүрлі пікірін тыңдау)
- Балалар, суға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, суды дұрыс пайдалану керек. Суды ретсіз төгуге, ысырап жасауға болмайды, үнемдеу арқылы балабақшада, үйде де кранның аузын жауып қою керек.
- Балалар, адам денсаулығына қажетті үшінші байлығымызды жұмбақ арқылы жасырайын:
Көзге көрінбейді,
Жұтсам білінбейді.
Бұл не? (ауа)
Балалар, терезенің үстіндегі желдеткіштерін ашып, таза ауамен терең дем алайық. Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды, оның бірі - таза ауа. Таза ауа біздің ағзаларымызға әсерін тигізеді. Біз оттегімен дем алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарамыз. Ауа не үшін керек?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, сурет бойынша қай жерде жақсы дем алуға болады? (орман мен қала көрінісінің суреті)
- Орманда, табиғатта неге еркін дем аламыз?
- Иә, балалар ағаштар ауаны көмірқышқыл газдардан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Қалада ауа таза болу үшін не істеуіміз керек?
Билингвальді компонент: күн - сольнце, су - вода, ауа - воздух
- Енді, бір ойын ойнайық Егер де... не болар еді?
Мақсаты: Қарапайым себепті байланыстар мен қарым - қатынастарды таба білуге үйрету.
Құралдар: заттық түрлі суреттер.
Ойын барысы: Балаларға қоршаған ортаның (күн, ауа, су) қарым – қатынастары туралы жұмбақтар жасыру.
Егер де күн болмаса не болар еді?
Егер де су болмаса не болар еді?
Егер де ауа болмаса не болар еді?