Амандық ағадан

Скачать

Аға - іні туралы мақал – мәтелдер №1
Аға алғанша, жеңге жегенше.

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Аға әдепті болса іні әдепті,
Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.

Аға — бор, іні — тас.

Өз ағасын ағалаған —
Қолда барды бағалаған.

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.

Ағадан ақыл, ініден ізет.

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

Жасы кіші ініні
Ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.

Аға еңбекпен көркем,
Бала біліммен көркем.

Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.

Ағаның үйі ақ жайлау.

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Аға өлсе жеңге мұра,
Іні өлсе келін мұра.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды,
Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

Ағасына қарай інісі,
Апасына қарай сіңлісі.

Ағасы ұрар болар,
інісі тұтар болар.

Аға ініге ұстаз,
Апа сіңліге ұстаз.

Аға ішкен бұлақтан інісі де су ішеді.

Амандық ағадан.

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.
Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

Асыл аға, алғыр іні.

Екеу болса — жас аға,
Біреу болса — бөрік аға.

Ағадан — ақыл,
Атадан — нақыл.

Ел ағасыз болмас,
көл жағасыз болмас.

Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.


Скачать


zharar.kz