Бесік жыры

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры.
Сабақтың мақсаты: Лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сезінуге, таныс шығармалар ырғағын сезіне, музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауға үйрету.
Білімділігі: Өз туыстары туралы әңгімелеу, өлең - тақпақтар жаттау, жылы лебіз тілектер айтуды үйрену, туыстарына арнап қолдан сыйлықтар жасау.
Тәрбиелігі: Балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, музыкалық қабілеттерін арттыру, мейірімділікке, қайырымдылыққа үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бесік, қуыршақ, домбыра, сыбызғы, барабан, сылдырмақ.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы: Балалар музыка залына көңілді әуенмен жүріп келеді.
Сәлеметсіңдер ме өткен сабақты қайталау, балалар өткен оқу іс - әрекетіміз қандай тақырыпта еді. Қайталап өтейікші.
Кел, санайық санамақ,
Саусақтарды даралап,
Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Титтей бөбек - мен.

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Жұмбақ жасырып, шешулерін сұраймын.
Тұрады ол әр үйде,
Жайлы орын сәбиге.
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін әрине.
Бұл не
Ғажайып сәт сүйінші, сүйінші дуниеге сәби келді. Балалар дүниеге сәби келгенде туыстары бір бірінен сүйінші сұрайды. Дүниеге келген сәбиді бесікке салады. Әмина әже бүгін немересін Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен Бесік тойға бізде барайық. Балалар әженің ауылына бару үшін пойызға мініп барайық. Әже бізді қарсы алады, Балалар амандасады.
Әже: Сәлеметсіздер ме балалар. Қош келдіңдер төрлетіңдер бүгін мен немерем Айдананы бесікке салайын. Сендерге бесікті таныстырайын. Әже: балалар мынау бесік ол ағаштан жасалған ал мынау жабуы қол, аяқ, бау, көрпеше, жаялық, жастық түбек, шүмек, айнасы, тарағы туралы айтады. Аршаның түнімен бесікті аластап тазарталық.
Алас, алас баладан алас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Қырық, кабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас,
Бісіміллә келді міне иесі,
Көш пәлесі.- деп аластап, сәбиді бөлеуді көрсетемін, бесікті тербетемін.
Музыка тыңдау: Бесік жыры әнін айтып, тыңдауларын ұсынамын, бесік жыры қандай екен сендерге ұнады ма, балалар әже бізге бесік жырын айтып береды. Біздер енді әжеге халық әні.
Әнді үйрену: Әлди - әлди әнін айтып берейік. Баяу, жұмсақ әуенді сипатын өз эмоциялық сезімдерімен әндете жеткізуді ескертемін. Оянып кетпесін, өте ақырын, жай дауыспен айтайық,- деп ескертемін.
- сәби ұйықтатар алдында бесік жырын айтса, ұйқысы тәтті болады. Сәбиіміз тыныш ұйықтасын,- деп бесікті төрге апарып қоямыз.
Ойын: Қандай аспап?
Шарты: Балалар ұлттық аспаптар үш түрге бөлінеді шертпелі аспаптар үрмелі аспаптар және ұрмалы аспаптар. Қазір біздер үнтаспадан аспаптардың дыбысын тыңдаймыз. Қандай аспап екенін дұрыс ажыратуларын қадағалайды.
Аспаптар ойнау: Үклім - ай халық әні. Аспапта ойнап үйретеді ән әуеніне ілесе ырғақты сезіне ойнауға дағдыландырады.
Би: Қара жорға
- Балалар біздер қайда қайда бардық?
- Әже бізге қандай рәсім көрсетті?
- Әжеміз қандай ән айтты?
Балалар мен сендерге смайл суретін таратып берем бұл суретте көңілді және көңілсіз бет - перне бейнеленген. Сендерге сабақ ұнаса көңілді смайл суретін көтересіңдер. Мен қолымдағы көңілді смайлды көтеремін себебі сендер сабақ бәрің жақсы қатыстыңдар мен көңілдімін. Сұрақтар қою арқылы оқу іс - әрекетінде өткен, үйренген материалдарды пысықтайды.

Біледі: Әуен динамикасын, тембрін ажыратуды, лирикалық сипаттағы әндерді нақышпен орындауды.
Игереді: Ырғақты сезіне, бесік жырының әуенін ажырата білуді.
Меңгереді: Музыканы тыңдай отырып, әуен ырғағына сай қимыл жасауды.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№35 Балақай бөбекжай - бақшасының саз жетекшісі
Есболғанова Алия Дабысқызы
Бесік жыры. жүктеу


Скачать


zharar.kz