Еділ патша

Скачать

Тарих 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ертедегі түріктер
Мақсаты:
Білімділік: Түрік атауына түсінік беру, Түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата - бабалары түріктердің жан - жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, топпен, жұбымен жұмыс, пікіралысу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Түркі дәуірінің картасы, слайдтар, ескерткіштері, шаруашылығы мен тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы. §20. Еділ патша .
Топтастыру.
Еділ патша туралы не білеміз деп ойлайсыңдар?

Тест сұрақтары:
1. Еділ - Аттила кім?
А. Ғұн мемлекетінің билеушісі, император атанған қолбасшы, ұлы тұлға.
Ә. Жауынгер
Б. Би
2. Батыс Ғұндардың ІІ ғ ұлысы қай жерде құрылды?
А. Арал теңізінің жағалауында
Ә. Каспий теңізінің жағалауында
Б. Балқаш көлінің маңында
3. Балаәмір қай жылы билік құрды?
А. 373ж
Ә. 374ж
Б. 375ж
4. Балаәмірдің басшылығымен ғұндар қандай жерлерді өзіне бағындырды?
А. Доннан Днепрге дейінгі жерлерді жаулап алды
Ә. Ертіс бойын
Б. Балқаш көлін
5. Еділ патша тұсында қай жерлерді жаулап алу аяқталды?
А. Еуропаны жаулап алу аяқталды
Ә. Египетті жаулап алу аяқталды
Б. Вавилонды жаулап алу аяқталды
6. Еділ қай жылы таққа отырды?
А. 433ж
Ә. 432ж
Б. 434ж
7. Еділді қарсыластары қалай атады?
А. Қаһарлы жауынгер
Ә. Құдайдың қаһары.
Б. Айдаһар
8. Қай империя Еділ патшаға тәуелді екенін мойындап, ғұндарға алым - салық төлеп тұрды?
А. Шығыс Рим империясы.
Ә. Византия
Б. Дания
9. Каталун даласындағы шайқастық маңызы қандай?
А. Рим империясы құлады
Ә. Дания мемлекеті құрады
Б. Византия империясы құлады
10. Еділ патша қандай елдерді шабуылдады?
А. Шығыс Рим империясын
Ә. Герман тайпаларын, Рейн өзенін, Византия, Данияға, Бургунд королін талқандап жеңіске жетті.
Б. Еуропаны
11. Еділ патша қай жылы қаза тапты?
А. 453ж.
Ә. 454ж
Б. 455ж
12. Ғұн империяның ыдырау себебі?
А. Еділ патшаның қаза табуы
Ә. Арабтардың соғыс жариялауы
Б. Тақ мұрагерлерінің билік үшін талас тартысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Түркі атауы туралы аңыз
2. Түрік қағанаты
3. Түрік қағанатының ыдырауы
4. Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы.

ІҮ. Қызығушылықты ояту. Болжау стратегиясы.
1. Б. з. б өмір сүрген қандай тайпаларды, мемлекеттерді білесіңдер?
Сақ тайпалары және ғұн мемлекеті одағы.
2. Қандай ел билеушілерін білесіңдер?
Сақтарда: Тұмар патшайым, Ғұндарда: Мөде, Еділ.

Ү. Мағынаны тану.
Оқушыларды жеке - жеке № (номерлейміз) 1, 2, 3, 4
Әр оқушыға тапсырмалар беріледі.
1 топ. Бумын, 2 топ. Мұқан, 3топ. Естеми қағандарға жеке - жеке тоқталу.
2топ Түрік қағанатының ыдырауы
3 топ. Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы.

Түркі атауы туралы аңыз.
Ежелгі түркілердің шығуы туралы Қытай жылнамаларында мынадай аңыз бар. Ұлы Ғұн ордасынан бөлінген ел Сарыжазықтан көшіп, Алтай тауының қойнауын паналауға беттейді. Жолда олар аңдып жүрген жаулардың қолына түсіп, түгел қырылады. Тек 10 жасар бала ғана аман қалады. Осы баланы көкбөрі қасқыр тауып алып асырайды. Кейін осы баладан көкбөрілер ұрпағы тарайды. Көсемі Ашина тайпаға өз атын береді, осы Ашина тайпасынан шыққан көсемдердің бірі өз жұртын Алтайға қоныстандырады. Қасқыр асыраған баладан он ұрпақ тараған көрінеді. Түркілер өздерін көне сына жазуларында он оқ будун д. а. Ол 10 ұлдан тараған ел дегенді білдіреді. Осы жергілікті тайпалар өздерін түркілерміз д. а.

2. Қағандарға жеке - жеке тоқталып өту.
1. Түрік қағанатының қандай қағандарын білесіңдер?
2. Қағандар қағанаттың күшеюіне қандай үлес қосты?
3. Қандай елдермен сауда байланысын жасады?
3. Қағанаттың әлсіреу себептері.
Қағандар әулетінің арасында билік үшін талас - тартыс, бірліктің болмауы.
4. Тұрмысы, кәсібі.
Көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы, аңшылық, егіншілік.


Скачать


zharar.kz