Сабақтың тақырыбы: Шыбынсыз жаз.
Сабақтың мақсаты:
а) сыни тұрғыдан ойлау арқылы шілдедегі өзгерістерді байқай отырып, тақырыптың мағынасын ашу,
ә) диалогты оқыту әдісін қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту.
б) табиғатқа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін мен табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: сызба, сюжетті суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
- 1, 2, 3, 4 - 3, 4, 1, 2 - Кім алда? - Біз алда!- Кім биікте? - Біз биікте! - Біз кішкентай ұландар!
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.- Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Олар қандай?
- Олай, болса осы төрт мезгілге байланысты көктем, жаз, күз, қыс болып бөлінесіңдер. Көшбасшыны тағайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Абай атаның жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерін естеріне түсірту. Ақынның жаз мезгілі өлеңін жатқа сұрау.
Ой қозғау. Шілде мәтіні бойынша топтарға бір - біріне сұрақ қойғызу.
а) Жазда қандай өзгерістер болады?
ә) Ел жайлауда қандай қызықтар болады?
б) Балалар жайлауды неге қия алмай жүр?
в) Олар қайда барады?
Топтастыру. Жаз мезгілін әр топ топтастырып постер жасап қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Шыбынсыз жаз. Ой қозғау
– Ал, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын тыңдаймыз: Шидім - шидім шидім құс Ши басына қонған құс Қарқырауық қара құс Хан басына қонған құс (Ол не? Шыбын)
– Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымызда Сәбит Мұханов ағамыздың Шыбынсыз жаз мәтінімен танысамыз.- Балалар қалай ойлайсыңдар шыбынсыз жаз бола ма? (Иә)
1. Автор туралы айту.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
3. Іштей оқу, жалғастырып оқу.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы ағаш, бұта, шөп аттарын теріп жазу. Жазған ағаш, бұта, шөп аттарын оқиды.
ІҮ. Сергіту сәті. Ойын: Қай топ шапшаң?
1. Әрбір топқа жұмыс парағы беріледі. Сұрақ тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).
2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.
3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі. Түсінгендерін тексеру.
Оқушылар топ бойынша бір - біріне тақырыпқа байланысты мақал - мәтелден жасырып шешу.
Ү. Бекіту: - Сұрақ - жауап.
Мысалы: - Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
1. Шығармада жылдың қай мезгілі суреттелген?
2. Шілдеде ауа райы туралы қандай болады?
3."Шыбынсыз жаз" дегенді қалай түсінесіз?
4. Масасыз, шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, әңгімелеу.