Кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының жиындық есебіне ауыстырылған. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс уақыты мереке, демалыс күндеріне түскен болса еңбекақы бір жарым немесе екі есе төленуі қажетті ма?
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 86 - бабына сәйкес жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі. Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлеріне қолданылады. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиіс кезең жұмыс уақытының жиынтық есептік кезең деп табылады.
Заңнамамен қарастырылған қызметкерлер есептік кезеңде жұмыс уақыты нормасын атқаруын ескере отырып, сонымен қатар, ауысым бойынша жұмысқа тәулік ішінде бірнеше ауысым қойылғанын да ескере отырып, демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы күндегі жұмыс күніндей төленеді. Мере¬ке күндеріндегі жұмысқа ақы ең¬бек заңнамасына сәйкес екі есе мөлшерде төленеді.