Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданын табу
Сабақтың мақсаты: 1. Фигураның ауданын есептеуді пысықтай түсу
2. Ауызша есептеу жылдамдықтарын, логикалық ойлау дағдыларын дамыта түсу
3. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: кесте, саяхатқа арналған плакат, текше, деңгейлік тапсырмалар, жалау, бағалау таблосы, ауызша есептеуге арналған кесте.
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, ойын, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру(1)
3. ауызша есептеу жүргізу(5)
4. Көркем жазу минуты(1)
5. Оқулықпен жұмыс(18)
6. Сергіту сәті(1мин)
7. Тақтамен жұмыс(8мин)
8. Деңгейлік тапсырмалар(8мин
9. Бағалау(1мин)
10. Үйге тапсырма беру(1мин)
Сабақтың барысы. 0қушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне және жанындағы достарына іштей жақсы тілектер тілейді.
Сабақтың мақсатын хабарлау:- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Ол үшін 3 - топқа бөлінеміз.(А, В, С) Берілген тапсырманы дұрыс орындаған топ мүшесі текшені иіре лақтырады. Текше қай санды көрсетсе саяхат картасы бойынша сонша қадам алдыға жылжитын боласыңдар. Осылайша қай топ мәреге 1 - ші болып жетсе, сол топ жеңіске жететін болады. (Әр топтың жетекшісіне бағалау таблосын беремін)
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үйден өз үйлеріндегі кез келген бір бөлменің еденінің ауданын есептеп келгендерін оқиды. Ауданды өлшеу бірліктерін пысықтау.
3. Ауызша есептеу ретінде жасырынған сөзді тапқызу
С -------Ә---------- Т ----- С --------А ------П ------А --------Р
540 ----1130 -----72---- 680 ----940---- 10 -----36 ------112
Тақтаға 9 оқушы шығып әр әріпке сәйкес өрнекті тауып қояды. Дұрыс жауап берген оқушы текшені лақтырып кесте бойынша сәйкесінше алдыға жылжиды. Топ жетекшілері бағалап отырады.
Көркем жазу минутын жүргізу
135671 цифрын жаздыру. Осы санда неше ондық, неше жүздік, неше мыңдық, неше ондық мың, неше жүздік мың бар екенін айтқызу.
5. Оқулықпен жұмыс
№1 есепті А тобы шығарады. Қабырғалары 4дм және 8дм тіктөртбұрыштың ауданын және периметрін тап.
№2 есепті В тобы шығарады. Қабырғасы 5дм шаршының ауданын және периметрін тап.
№3 есепті С тобы шығарады. Сынып тақтасының биіктігі 10 дм. Оның сол және оң жақтағы бөліктері шаршы тәріздес. Тақтаның ортадағы бөлігінің ұзындығы 30дмТақтаның әр бөлігінің ауданын есептеп тап.
Әр топтың жұмысын тексеру.; дұрыс жауап бергендері өз тобын карта бойынша жылжытады.
6. Сергіту сәтін жүргізу. Бастарын қозғамай көзге арналған жаттығулар жасайды. 7. 3 - топтың оқушыларына тапсырмалар беру. 3оқушы тақтада орындайды.
1 - топ: Екі қаладан бір мезгілде жеңіл машина мен жүк машинасы бір - біріне қарама - қарсы шықты. Жеңіл машина 80 км сағ, ал жүк машинасы 60 км сағ жылдамдықпен жүріп, олар 5сағаттан соң кездесті. Бастапқыда екі машинаның арасы неше км болған? Осы есепке кері есеп құрастыр және шығар.
2 - топ. Саяхатшылар 1 - ші күні 28 км, ал екінші күні 35 км жүріп, барлық жолға 9 сағат уақыт жұмсады. Егер олар бірдей жылдамдықпен жүрсе, әр күні жолда неше сағат болды? Осыған кері есеп құра және шығар.
3 - топ. Екі бекеттің арасын жүк машинасы сағатына 60 км жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Қайтар жолды ол осы жолды 5 сағат жүрді. Жүк машинасының қайтар жолдағы жылдамдығын тап. Кері есеп құр, шығар.
Жұмыстарын тексеру, кері есептерін оқыту. Дұрыс орындаған топ мүшелері текшені лақтырып карта бойынша жылжиды.
8. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
9. Кесте бойынша қай топ бірінші болып мәреге жеткенін хабарлау. Бағалау таблосы бойынша оқушылардың белсенділігін айту, деңгейлік тапсырма нәтижесін және жинаған ұпайларын есепке ала отырып бағалау. Жеңімпаз топқа ауыспалы туды табыс ету.
10. Үйге тапсырма: № 5, 6 - тапсырма