Барлық екі орынды тақ сандардың көбейтіндісінің соңғы цифрын ата

Скачать

Тақырыбы: ХХІ ғасыр лидері
Мақсаты: Оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту; тез ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйрету. Дарынды оқушыны анықтау.
1 жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті достар!
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре - тұра тексердім.
Ержеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім деп ұлы Абай атамыз айтқандай уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математика әлемімен сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізгелі тұрған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан - жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. Ауданымызда болашағына үлкен үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылардың қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
1 жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар,
2 жүргізуші: Ортаға назар салайық.
Екеуі бірге: Сайыскерлер шықпақ ортаға,
Қол соғып қарсы алайық.
2 жүргізуші: Саламатсыздар ма, қатысушылар,
Нақты ғылымға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тұтушылар.
1 жүргізуші: Саламатсыздар ма, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіздер оқытқан оқушылар,
Сәті келді сыналар.
2 жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Ойынымызды біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазылармен таныстырайық.
Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1.
2.
3.
Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
2 жүргізуші: Сіздерді сайысымызға шақырамыз,
Сұрақпен бастарыңызды қатырамыз.
Математика, физика, информатикадан
Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз.
1 бөлім БӘЙГЕ
Бәйге деп аталатын бұл бөлімде сұрақтар қойылады. Әр қатысушыға 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Бұл бөлімнің Бәйге деп аталу себебі – көбірек ұпай жинап алып, топ алдына озып шығу.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып ал жас қырандар “ Бәйге “ кезеңін бастаймыз.
1. Бір мың сомның 1%- і
А. 100
В. 1000
С. 10 +
2. 1 пұт неге тең?
А. 16 кг +
В. 6 кг
С. 10 кг
3. Сандарды көбейту арқылы нөлді алуға бола ма?
А. Жоқ
В. Білмеймін
С. иә +
4. Теріс сан қай елде пайда болды?
А. Ежелгі Египет
В. Ежелгі Қытай +
С. Үндістан
5. Квадрат теңдеудің коэффициенттері арасындағы байланысты анықтаған және ол теореманы осы математиктің атымен атаған. Бұл кім?
А. Пифагор
В. Әл – Фараби
С. Виет +
6. Ең кіші натурал сан...
А. 0 В. 1 + С. 2
7. Кеңістіктегі фигуралардың қасиетін оқытатын геометрияның бөлімі...
А. стереометрия +
В. Планиметрия
С. арифметика
8. 10 тонна суды 10 насоспен 10 минутта сорады. Ал, 25 тонна суды 25 насоспен неше минутта сорады?
А. 5
В. 10 +
С. 25
9. Нүктенің екінші координатасы қалай аталады?
А. Абцисса
В. Жазықтық
С. ордината +
10. 60 - тың үштен бір бөлігі нешеге тең?
А. 30
В. 10
С. 20+
11. у=кх+в түріндегі теңдеу қалай аталады?
А. Сызықтық +
В. Квадраттық.
С. Кубтық
12. Тік төртбұрыштың диагоналдары өзара перпендикуляр бола ма?
А. Иә
В. Білмеймін
С. Жоқ +
13. Егер бірінші қараша дүйсенбі болса, онда осы жылдың 1 желтоқсаны қандай күн болады?
А. Сәрсенбі +
В. Сейсенбі
С. Бейсенбі
14. Ең үлкен екі таңбалы сан...
А 10 В. 90 С. 99+
15. Текшенің неше төбесі бар?
А. 4 В. 8+ С. 12
16. Сегізінші баспалдағы ортасы болатын сатыда неше баспалдақ бар?
А. 16
В. 12
С. 15 +
17. Ұзындығы 2 м, ені 2 м, тереңдігі 2 м болатын тесікте қанша жер бар?
А. 4
В. 8
С. ешқандай +
18. Метрдің жүзінші бөлігі...
А. Дециметр
В. Километр
С. Сантиметр +
19. Текшенің қабырғасын екі есе үлкейтсек, көлемі қанша есе үлкейеді?
А. 4 есеге
В. 8 есеге +
С. 12 есеге
20. Материктер санының мұқиттар санын көбейтіндісі нешеге тең болады?
А. 20
В. 22
С. 24+
21 Төртбұрышқа неше диагонал жүргізуге болады?
А. 4
В. 3
С. 2 +
22. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым …
А. Лемма
В. Теорема
С. Аксиома +
23. Бірінші математик – әйел...
А. Т. Абылкасымова
В. А. Г. Досмаганбетова
С. С. Ковалевская +
24. 80 жолаушыны кемеге отырғызу керек. Барлық жолаушыны жағалауға жеткізу үшін қанша жеті орынды қайық керек?
А. 10
В. 12 +
С. 11
25. Барлық екі орынды тақ сандардың көбейтіндісінің соңғы цифрын ата...
А. 7.
В. 6.
С. 5.+
26. Қай теореманы ертеде “Қалыңдық” теоремасы деп атаған?
А. Фалес теоремасын
В. Виет теоремасын
С. Пифагор теоремасын
27. Текшенің неше жағы бар?
А. 4
В. 8
С. 6+
28. 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
А. Темір
В. Мақта
С. Бірдей +
29. Кім жылына 4 рет киінеді?
А. Ай
В. Күн
С. Жер +
30. Көлемі 1000см куб текшенің барлық жақтарының ауданы неге тең?
А. 400 см. Куб
В. 300 см. Куб
С. 600 см. Куб +
31. Үшбұрыштар теңдігі белгісі санымен ля нотасының рет санының көбейтіндісі...
А. 9
В. 12
С. 18 +
32. Әкенің 6 ұлы бар. Әр ұлының 1 қарындасы бар. Отбасында қанша бала болған?
А. 6
В. 12
С. 7 +
33. 4 ойыншы 4 сағат домино ойнаған. Әр ойыншы неше сағаттан ойнаған?
А. 8
В. 1
С. 4+
34. Әтеш бір аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса неше киллограмм?
А. 3+
В. 6
С. 12
35. “Конус” грек сөзінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А. Жақ
В. Оқтау
С. Қарағай бүршігі +
36. Қай гүлдің атауы математик әйелдің құрметіне берілген?
А. Хризантема
В. Роза С.
Гортензия +
37. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер олар әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды.
А. 2
В. 3+
С. 4
38. Үшбұрышқа неше диагонал жүргізуге болады?
А. 1
В. 3
С. Ешқандай +
39. 9 кластың “Геометрия” оқулығының авторы кім?
А. Г. Досмаганбетова
В. А. Абылкасымова
С. И. Бекбоев +
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құры қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
Сонымен 1 бөлімге берілген сұрақтар аяқталды. 1 бөлімнің қорытындысы бойынша ұпайды ең аз жинаған 2 сайыскер ойыннан босатылады.

2 бөлім ПОЛИГЛОТ
Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 ұпай шәкірт саған несібе
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан
Әр шәкірттің білгірі алға шығады
Асықпаңдар, ойланыңдар балалар
Үш жауап бар, біреуі оның шырағы. 3 тілде – 30 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 1 тілде – 10 ұпай.
Біліп қана қою аз. Сол білгенді өмірде қолдана білуің керек. Ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек деп неміс ақыны Гете айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
1. Күнде таңертең өзіңмен бірге мектепке алып баратын білімнің куәгері... ( дневник, күнделік, day book )
2. Шанаңды жаздың күні, арбаңды... күні дайында. ( қыс, зима, winter )
3. Көз қорқақ, ал ол батыр. ( қол, рука, hands)
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады? (сүйір, острый, sharp
5. Керек бақытсыздық кезінде есіне алады. ( дос, друpья, friend )
6. 7 мен 8 сандарының арасына қандай белгіні қойса, 7-ден үлкен, бірақ 8-ден кіші сан шығады? (үтір, запятая, a comar)
7. Отыз тістен шыққан сөз, … рулы елге тарар. (отыз, тридцать, thirty)
8. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны. (квадрат түбір, квадратный корень, square root)
9. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже, степень, degree)
10. 7 қауіпке – 1... ( жауап, ответ, answer)

3 бөлім КӨКПАР
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын дей келе келесі бөлімімізді бастаймыз.
Физика Физика жақын туыс мына бізге,
Қозғалыс, знергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелу мүмкін емес,
Жария ғып айтайықшы мұны бізде.
Білімді біреуден - біреуге, ыдыстан - ыдысқа құйғандай құюға болмайды - деп Платон айтыпты.

20 ұпайдың сұрағы: Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді. Бай мен Алдар Көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра береді де ал, Алдар алдына келген шайға бір ас қасық шекер салып әңгімесін жалғастыра береді. Бай Алдардың аузына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.
Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, әлде Алдардың ба?
Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық шайға бірден салса, шайдың температурасы бірден төмендейді.

30 ұпайдың сұрағы: Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шағайбайдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді: Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Сонда көп білетін Алдар былай дейді: - Жоқ, қателесесіз, одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.
Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: Дұрыс. Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдікінен - темірдікінен аз.

40 ұпайдың сұрағы: Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кірді. Алдардың көзі үйге кірген мысыққа түсті. Мысыққа қарап тұрып: - Құлақшынымды кие шығайын, далада күн суық екен – деді.
Сұрақ: Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап біледі. Күн суықта мысықтың жүні үрпиіп, торсия түседі, өйткені ол өзінің жүндерінің арасында көбірек ауа болатындай етіп, үрпитеді, ал ауа жылуды нашар өткізетіндіктен, мысық осы күйінде далада ұзақ бола алады.

Математика тарихы
Математика – ежелгі ғылымдардың бірі. Математика тарихы ұлы ғалымдардың ашқан идеялармен бай. Математика тарихын білу біз үшін өте маңызды. Ол бізге математика туралы ұғымдарды толық жеткізуге көмектеседі.

20 ұпайдың сұрағы: Ондық бөлшекті алғаш рет ашқан XV ғасырда өмір сүрген өзбек математигі кім? Жауабы: Әл - Каши

30 ұпайдың сұрағы: б. э. д. 624 - 547 жылдары өмір сүрген көне ғалымдар мен философияның негізін қалаушы, грек ойшылы...
1-көмек: Заттардың барлық түрлері мен құбылыстарды бір алғашқы Стихияға – суға тіреген.
2-көмек: Оның теоремасы: Бұрыштың қабырғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасынан тең кесінділер бөлсе, онда екінші қабырғасынан да бірдей кесінділір бөледі. Жауабы: Фалес

40 ұпайдың сұрағы: 1540 - 1603 жылдары өмір сүрген француз математигі. Элементар алгебраны кіргізеді. Коэффициент үшін әріпті өрнектеуді енгізеді.
1 көмек: Алгебралық теңдеулердің түрлері мен коэффициентінің тәуелділігін беретін формулалары белгілі.
2 көмек: Берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама - қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі босмүшеге тең.
Жауабы: Әрине, Француа Виет. Біз Виет теоремасын жақсы көреміз, ол бізге квадрат теңдеуді оңай шешуге көмектеседі.

Логикалық есептер
Құрметті ойыншылар! Сіздер қалай ойлайсыздар, логика мен күлкі байланысты ма? Иә, олай болса, сіздерге логика заңымен мынадай анекдотты аяқтауды ұсынамын. Баласы үйге жаңа кітап әкелді.- Бұл маған сыйлық,- деді ол. Сыйлық? Не үшін, қымбаттым?- деп сұрады мамасы. Бізден тұйеқұста неше аяқ бар, - деп сұрады? Мен Үш деп жауап бердім. Бірақ тұйеқұста екі аяқ емес пе? Иә, бірақ басқа балалар айтты.... төрт аяқ деп.

20 ұпайдың сұрағы:
Екі қолда 10 саусақ. Он қолда неше саусақ? Жауабы: 50

30 ұпайдың сұрағы: Скаворткаға бір уақытта екі котлет қуыруға болады. Әр котлеттің екі жағын қуыру керек, әрбір жағына екі минут уақыт кетеді. Үш котлетті қуыруға ең аз дегенде қанша уақыт жұмсалады? Жауабы: 6 мин
40 ұпайдың сұрағы: Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа туады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа туады? Жауабы: 48

Информатика
20 ұпайдың сұрағы: Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды? Жауабы: 1946 жылы
30 ұпайдың сұрағы: Ең алғашқы электронды есептеуіш машинаны кім ойлап тапты? Жауабы: Джон Нейман
40 ұпайдың сұрағы: Ақпараттың үлкен көлемін сақтауға және қайта шығаруға арналған құрылғы... Жауабы: Дискжетек
Көп ұпай жинаған сайыскер бастайды. Ойынның келесі кезегі Жеңіс таяу, қозғалма баяу

4 кезең Жеңіс таяу, қозғалма баяу
Ең қиыны жарыстың таяп келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Жеңіс таяу, қозғалма баяу.
Шапшаңдыққа таң қалма
Ойын деген арпалыс
Жеңілемін деп ойлама!

1-оқушыға сұрақтар:
1. Компьютердің миы. (Процессор).
2. Ток көзіндегі кернеуді өлшейтін құрылғы (Вольметр)
3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды).
4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
5. Егер 1 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минут қайнайды? ( 4 мин)
6. Шаршының периметрі 44см, қабырғасы нешеге тең? (11см)
7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
8. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
10. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

2- оқушыға сұрақтар:
1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).
2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
4. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
5. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
6. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
8. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? (4 рет)
9. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).

3- оқушыға сұрақтар:
1. Ең кіші үш орынды сан...
2. Үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Үйде неше адам болған? (3)
3. Көпбұрыштың бір қабырғасында жатпайтын екі бұрышын қосатын кесінді қалай аталады? (диогонал)
4. Гаусс, Пифагор, Герцен математиктер ме? (Герцен математик емес)
5. Биллион деген не? (Миллиард)
6. 1800 косинусы...
7. Жай сан деп қандай садкарды атаймыз? ( екіден көп бөлгіші бар сан)
8. Бірдей 5 алманы 8 балаға қалай тең бөліп беруге болады? (4 тең екіге, 1 алманы 8 бөлікке)
9. 180 градустың синусы...
10. Әжей себетпен 100 жұмыртқа әкеле жатып құлап қалды. Қанша жұмыртқа қалды?
(Бірде бір жұмыртқа қалған жоқ, бәрі жарылып қалды)

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Тағы да үйренеміз аман болсақ,
Шыңымыз биік болар білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.


Скачать


zharar.kz