Сандар мен амалдарға есептер құрастыру

Скачать

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Березов мектеп - балабақша кешенінің
математика пәнінің мұғалімі
Киясова Канслу Нуртазаевна

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
ә) Экономикалық - саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру.
б) Оқушыларды жан - жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жұмбақ шешу:
Атадан 10 боламыз,
Бір - бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (сандар)

III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз)
1) (2*1) 3=4
2) (3*2) 1=2
3) (7*4) 2=5
4) (4*3) 5=? Жауабы: 6

IV. Математикалық және пәнаралық байланыстар:
1. Квадраттың қабырғалар санын 100 - ге көбейтіңіз. (400)
2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейтіңіз. (20)
3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос.(шашка)
4. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минут)
5. Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5 - тің көбейтіндісін айырыңыз.(9)
6. Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз.(128)
7. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25 - ті қосыңыз.(55)
8. Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар.(15)
9. Ең үлкен материктің әріптер санынан 4 - ті шегеріңіз.(3)
10. ля нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз.(24)

V. Шығармашылық байланыстар - сандардың сырын ашу, яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы.
Үш бәйтерек, үш би, үш қуат, үш асыл, үш биік, үш жұрт
Үш бәйтерек - І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин
Үш би - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Үш жұрт - ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
Үш асыл - көз, тіл, көңіл.
Үш биік - билік, дәулет, даналық.
Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету: үшбұрыштарды шешу, үш перпендикуляр, 3 санына бөлінгіштік белгілері, үшбұрыштың тамаша нүктелері т. с. с

Бес арыс, бес ақыл, бес қару
Бес арыс - Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов.
Бес ақыл - талап, еңбек, ақыл - ой, қанағат, рақым.
Бес қару - мылтық, найза, айбалта, қылыш, садақ.
Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау: Евклидтің V пастулаты........

VI. Сандар мен амалдар:
№1
I. 4●(5●2)=40
II. 1●(7●10)=70
III. 8●(4●0)=0
IV. 7●(3●2)=? Жауабы: 42

№2
I. (7▲3)=21
II. (5▲2)=10
III. (15■5)=3
IV. (10■2)=5
V. 40■(4▲2)=? Жауабы: 5

№3
I. 5 (3 9)=17
II. (8 3) 6=17
III. (6 5) (7 1)=19
IV. (5 2) (10 3)=? Жауабы: 20

VII. Үй жұмысы:
Жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру
VIII. Қорытынды.


Скачать


zharar.kz