Карлаг лагерь тұтқындарының естелігі

Скачать

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар
№28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Қиянова Илаш Қалымқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы Кеңестік еңбекпен түзету лагерлері. (Карлаг, Алжир, Степлаг)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерінің тарихына шолу жасау;
Дамытушылық: 30 - шы жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, пайдалану дағдысын дамыту, қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажырата білуге, қорытынды жасауға дағдыландырып ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу,
Тәрбиешілік: Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.
Сабақтың типі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекі құралдар: Қазақстан картасы, қазақ зиялыларының суреттері, презентация

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын тексеріп түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ
1. Жаңа сөздерге түсінік беру
2. 1937 - 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары
3. Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзеу лагерлері
4. Карлаг, Алжир, Степлаг
Термин сөздерге түсінік беру.
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
Репрессия – мемлекеттік органдар қолданатын жазалау шаралары.
Геноцид – қандай да болсын ұлттың этностың немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі.
Гулаг – Лагерлер Бас Басқармасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1936 жылдың 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақтық VIII төтенше съезінде жаңа сталиндік конституция қабылданды. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам халық жауы қатарына жатқызылып, жазаланды. 1937 - 1938 жылдары сталиндік қуғын - сүргін репрессия геноцид саясаты осылай басталды.

Топпен жұмыс.
І топ
1 тапсырма. Карлаг ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.
Карлаг 1930 жылы құрылған болатын. Бұл лагерь Қарағанды облысының Тельман Жаңаарқа және Нұра аудандарының аумағында құрылды. 1930 жылдан бастап Карлаг аумағы ұлғайып, 1940 жылы жалпы көлемі 1млн 780 мың гектар жерді қамтыды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш, Мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық - түлік базасын жасау болды. Өнеркәсіп саласын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Карлаг далада Орталық Қазақстанның елсіз мекенінде құрылды. Карлагта 1930 жылдардың басында тұтқын саны - 37 мың адам болды. Оған қамауға алғандардың 4 жасқа дейінгі 980 балалары қосылды. Олар лагердегі балалар үйінде тәрбиеленді. Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған. Карлаг тұтқындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысты.

2 - тапсырма. Карлаг лагерь тұтқындарының естелігі. 1937 - 38 жылдарда адамдар көп атылды. Қарағанды кеңшарының арасындағы шекаралық лагерьде перзентхана орналасты. Соның маңында балалар зираты болатын. Нәрестелер 1 жасқа жетпей шетінеп жататын... Карлаг бөлімшелеріндегі лагерь зираттарының орындары бүгінде сақталмаған. Зираттардың бір бөлігі су қоймаларын салу кезінде су астында қалған. Карлагта өлген адамдарды жалпы ережелер бойынша жерлеген: бірнеше мәйітке 1 шұқыр, әр шұқырға бесеуден үш қабат етіп көміп, аяғының бас бармағына нөмір жазылған қаңылтыр байлайды. Моланың бір бұрышына нөмір жазылған ағаш қада орнатылады. Осы нөмірі тұтқынның өлім актісінде көрсетіледі. Сөйтіп әрбір молаға 15 мәйіттен жерленеді.
Карлаг Отан тарихының ұмытылмас бір беті. Үйінді төбешік болып қалған молалар үрей шақыратын лагерь орындары қаншама адамның ауыр бейнет, төзбес тауқымет тарта жүріп, артына із қалдырғанын да еске салады. Небір қалалар мен зауыттар тұтқындар күшімен бой көтерді. Соның бірі Қарағанды қаласы.

Толық нұсқасын жүктеу
Қазақстанда ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру


Скачать


zharar.kz