Тақырыбы: Алтын жүректі ана
(Өзін - өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, ел анасы С. А. Назарбаеваның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне, әрі туған күніне орай)
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, Бөбек балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, Өзін - өзі тану әлемінің басты мақсаты - ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Түрі: Өнеге сағаты
Көрнекілігі: Сара Алпысқызы туралы мәлімет суреттер. Нақыл сөздер. Слайд, бейнероликтер
Фанфары
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, мейірімді аналар және тәрбиелі оқушылар! Өзіңді танысаң, өзгені де танисың ,- демекші, Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы онкүндігінің аясында Өзін - өзі тану пәнінің негізін салушы, Қазақстанның бірінші ханымы, мейірім мен ізгіліктің символы, ел анасы С. А. Назарбаеваның туған күніне орай өткізілгелі отырған өнеге сағатына қош келдіңіздер!