Авторы: Кадырова Светлана Сабитқызы
Мекен жайы: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия
Алгоритм және Программалар атты тапқырлар сайысы.
Тапқырлар сайысына қатысушы оқушылар Алгоритм және Q basic (басқаша аталуы да мүмкін) деп аталатын екі топқа бөлінеді. Сайысушы топтар үстел үстін өздері дайындаған заттармен безендіріп сахнаның екі шетінде орналасады. Олардың топтарға қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Жарысушы екі жаққа екі-екіден, әділ қазылар алқасына бір компьютер беріледі. Компьютерлер жергілікті желіге өзара біріктірілген. Жарысушы топ мүшелері компьютерлерде тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексеруіне, тапсырманың орындалуын тексеруіне, тапсырманың орындалуы жолында ізденуіне болады. Сайыс барысында ЭЕМ-дерде орындалуға тиісті тапсырмаларды топ мүшелері өз компьютерлерінде орындап қазылар алқасына көрсетеді.
1.Сайыстың сынақ есеп бөліміне түсініктеме.
Жүргізуші есепті дауыстап асықпай оқиды.
Оқушыларға тапсырма беріледі.
Есептің шығарылу бағдарламасын ЭЕМ-ге жазып, қазылар алқасына орындап көрсету.
2.Тапқырларға арналған жұмбақ бөліміне түсініктеме.
Жарысушы жақтар бір-біріне информатикаға байланысты жұмбақтар дайындап әкеліп тапсырады.
3.Топ басшылары сайысына түсініктеме.
Буклетті қорғау.
4.Топ мүшелері сайысының сұрақтарына жауап беру.
Топ мүшелері сайысына түсініктеме. Жоғарыдағы көрсетілген тізім бойынша әр тақырыптың есептері жеке-жеке жазылып алдын-ала дайындалып конверттерге салынған. Сайысушы топ мүшелерінің алғашқысы тапсырма - есебін ЭЕМ-де орындап болғаннан кейін ғана, кезектерге оқушының қазылар алқасынан келесі есепті алуына рұқсат беріледі.
1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін Алгоритм мен Q basic тобы сіздерге береміз. Өздеріңізді сәлемдесулеріңіз бен таныстыруларыңызды айтып жарысып көріңіздер.
2-жүргізуші: Q basic тобының сәлемдесуі
1-жүргізуші: Алгоритм тобының сәлемдесуі
(Уақыт 5 минут)
2-жүргізуші:
Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды
Жо-жоқ оның бөлгені емес...
Бар болғаны білім қусаң қуанды, қолдайды.
Ендігі сайысымыз Сынақтық есеп - деп аталады.
Оқушыларға тапсырма:
Жарысушы топ есептің шығарылуы бағдармаласын ЭЕМ-де жазып,түсіндіріп орындап көрсетеді. Есепті дұрыс орындағандарға 12 балл, бірінші орындап болған командаға 3 балл қосылады.
(Уақыт 20 минут)
1-есеп: Тіктөртбұрыштың ауданы және периметрін есептеу бағдарламасын құрыңдар.
10 REM ЕСЕП 3-1 Тік төртбұрыш
20 INPUT а, в ұзындықтарын енгіз ; А, В
30 IFA