Тәрбие сағаты 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Астана EXPO – 2017: болашаққа қадам
Жалпымақсаты: Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Шығармашылық қабілеттері нығайып, тарихи зерделілік қасиеттері дамиды.
Негізгі идеялар: Патриоттық сезімдерін нығайтуға, ұлттық салт - дәстүрді қадірлей білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың ресурстары: Интерактивті тақта, А 4, постермен жұмыс, стикер.
Тапсырмалар: 1. Ребус тақырыпты ашу
2. Ой қозғау (постермен жұмыс.)
3. Сен білесің бе? әр топқа бес сұрақ қойылады
4. ЭКСПО ға саяхат (Шығармашылық кезең, 3 минут уақыт беріледі)
5. Галерея
6. Видео ЭКСПО 2017
7. Импровизация
8. Кері байланыс
Сабақтың көрнекілігі: Ребус, EXPO суреттері, видео, әр түрлі көлік макеттері, ЭКСПО символдары.
Ұйымдастыру кезеңі
Үш тілде амандасады. Оқу құралдарының дайындығын тексереді. Балалардың назарын сабаққа аударады.
Алақан әдісі бойынша сергіту сәтін жасайды
Бүгінгі сабақты өздерінің жақсы қасиеттері сияқты, жақсы өткізулерін тілейді.
Кіріспе бөлім - Балалар, бүгінгі сабағымызды бастау үшін біздер түстер арқылы топтасып алайық. Өздеріңіз көргендей, алдарыңызда қызғылт, жасыл, көк түстер бойынша топтаса қойыңыздар.( партада үш топтың аты жазулы тұрады).
- Оқушылар, сіздердің топтарыңыз не себепті бұндай атау алды?
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының мұғалімі
Калыбаева Нурсулу
Толық нұсқасын жүктеу