Саяхат пен көлік

Скачать

Үздік ашық сабақ бәйгесіне
Қатысатын категория: ағылшын тілі
Getting from A to B. Travel and transport
А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік.

Тақырып: Getting from A to B. Travel and transport
А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

Сабақ мақсаты (Сабақ соңында)
Барлық оқушы:
- саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады;
- көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
Оқушылардың көпшілігі: жаңа сөздерді, олардың антонимдерін қолдана отырып, тасымал түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерді сипаттайды.
Оқушылардың кейбірі: Қазақстанға саяхат кезінде Наурыз мейрамымен танысу тақырыбында мәтін құрастырады.

Басы
Сабаққа кіріспе
Амандасу, түгендеу
Үй жұмысын тексеру

Ортасы (35 мин)
Quiz let презентация.
Жаңа сөздердің бәрі quizlet. com сайтына алдын - ала енгізілген болады.
Енгізілген сөздер оқушыларға презентация түрінде, суреттер мен анықтамасымен ұсынылады.
- Follow - up: сәйкестендіру ойыны.
Бұл ойын әр оқушының мобильді телефонынан ойнай алатын, жаңа сөздерді естеріне сақтауға көмектесіп, тәжірибе жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді.

“Turn and talk” жұптық жұмыс (оқушылар видеоның атауы бойынша болжам жасайды)
- видеоны көріп отырғанда, маңызды ақпаратты теріп отырады
- өзіндік жұмыс, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

“In - group discussion”. Топпен ақылдаса отырып, Наурыз мейрамына байланысты мәтін құрастырады. Мәтін жаңа сөздерді қамтиды.
- “Inner - outer circle” екіге бөлініп, білім алушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, мәтіндермен бөліседі.

Қорытынды (3 мин)
“Твиттермен жарияла”:
- Оқушыларға твиттердің үлгісімен әзірленген, сұрақтары бар парақтар беріледі. Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды ретінде олар кері байланыс береді.

Астана қаласы,
Есіл ауданы, Білім – иновация лицейі
( Дарынды қыз балаларға арналған
қазақ - түрік лицей - интернаты ) КММ - нің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Бузыкаева Салима Асхатовна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz