Аталған міндет қоғамның барлық саласына түбегейлі, әрі жаңашыл өзгерістер енгізуді талап ететіні айтпаса да түсінікті

Скачать

Бастауыш сыныптарда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылу бағытында дамуы керектігіне баса назар аударған болатын. Аталған міндет қоғамның барлық саласына түбегейлі, әрі жаңашыл өзгерістер енгізуді талап ететіні айтпаса да түсінікті. Өркениет көшінің алдыңғы сатысынан ойып орын алу үшін болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру қажеттігі ешқандай дау тудырмайды.

Білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі екендігін Елбасы Н. Назарбаев әрдайым еске салып, тұрақты түрде қадағалауда ұстап келеді. Мемлекет басшысы биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында озық және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін аяқтауды тапсыра келе, Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр... Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деген болатын.

Осыған байланысты білім мазмұнына жаңаша қарау, тың көзқарас қалыптастыру педагог қауымның алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып отыр. Тарқатып айтар болсақ, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс - тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін, әрі өзіндік ой - қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Сондықтан, бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндерге ертеңгі мемлекет тағдырын шешетін азаматтар деп қарау керек. Яғни, олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің ең басты міндеті, қасиетті борышы десек, ақиқаттан алшақ кетпейміз.

Жалпы, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны жаңа ізденістерге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін және болашағынан үлкен үміт күттіретін бағыт болып саналады.

Мұғалім оқушыларға сын тұрғыдан ойлауды үйрету үшін мына шарттарды білуі қажет:
1. Оқушыға сын тұрғыдан ойлауды үйрету үшін уақыт керек;
2. Оқушыларға ойларын қорытуға және өз пікірлерін ашық айтуға рұқсат беру қажет;
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай білу керек;
4. Үйрету барысында оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану маңызды;
5. Кейбір оқушылардан берген жауаптарының немесе айтылған сындарының дәлелді, әрі дәйекті болуын талап ете білу қажет;
6. Оқушының сын тұрғыдан ойлауын бағалаудың маңызы зор.
Аталған шарттар дұрыс орындалған жағдайда, біршама оң көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.


Скачать


zharar.kz