Есептік және реттік сан есім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Сан есімнен алған білімдерін пысықтау. Сан есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Сөз таптарын ажырата білуін, мәнін терең ұғына отырып, таным белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, білім ордасын құрметтей білуге, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірек сызбалар, гулдер, смайликтер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, көрнекілік, ойын, талдау, жаттығу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақта қолданылатын стратегиялар: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Сынып ережесін сұрау.

2. Психологиялық дайындық. қол ұстасып тұрып, тілек өлеңін хормен айтады.

Біз тілейміз бар балаға,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер - білім нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
14 - жаттығу. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу.

К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан, 8+көз.
Мысалы. Кекілік, жетік, түбір, күшік, желтоқсан, алтыбақан, сегізкөз.
Сан есім
Ережесі: Заттың санын, ретін білдіретін сөздер
Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші?
Мысалы: Үш, бес, оныншы, тоғызыншы

4. Жаңа сабақ. Есептік және реттік сан есім.
Сан есім
(Мағынасына қарай)
● Есептік сан есім Сұрағы: қанша? неше? Заттың нақты санын білдіреді.
● Реттік сан есім Сұрағы: нешінші? Заттардың реттік санын біл діреді.- ыншы,- інші,- ншы,- нші жұрнақтары арқылы жасалады.


Скачать


zharar.kz