Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі

Скачать

4 класс
Тақырыбы: Үлгілі отбасы

Мақсаты: Өнегелі ұл, тәрбиелі қыз тәрбиелеп отырған ата - аналарды үлгі ету, насихаттау
1 - жүргізуші: Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер деген нақыл сөзі бар. Ата - тау, ана - бұлақ, бала - жағасындағы құрақ. Ата - ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу әр перзенттің міндеті. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында жақсы тәрбиенің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды.
2 - жүргізуші: Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық - демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.
1 - жүргізуші: Ендеше, бүгінгі Үлгілі отбасы атты сабағымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Бүгінгі сабаққа қонаққа келіп отырған таңдаулы, үлгілі отбасыларымен таныс болайық! Жолдыбаевтар отбасы, Кадековтар отбасы, Кахановтар отбасы, Жакуповтар отбасы.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Тәрбие сағатымыздың барысымен таныс болыңыздар:
1. Баланың ойы
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен үлгілі ата - ана баласы... дегендей
Жанұясы туралы шығарма
а Ақбота
ә Әлім
б Бауыржан
в Айсұлтан шығармаларын оқиды.
Ән: Анашым - әкем, Бала тілегі

2 - жүргізуші: Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Сөнбес сенің шырағың деген.
Келесі бөлім Балам туралы деп аталады ата - аналар баласының ерекшелігін әңгімелейді.
Ән: Әкем Алдабергенова А Анашым Шарапов А
1 - жүргізуші: Келесі бөлім Үлгі алыңыз деп аталады
Ата жолын қуатын
Әже жолын қуатын,
Бойында бар қуаты
Аман болсын баламыз

Тәрбие туралы ситуациялық сұрақтар
1 Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі - Жолдыбаевтар отбасы
2 Тентектік жасаса ұлыңызды жазалайсыз ба?- Кадековтар отбасы
3. Көп балалы отбасындағы баланың тәрбиесінің ерекшелігі - Кахановтар отбасы
4. Бала бойынан өзгеше дарынды байқасаңыз, қалай дамытар едіңіз?- Жакуповтар отбасы

Көрініс: Ата өсиеті
Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!
Қарт: Амансың ба, балам? Бақытты болу оңай ма?
Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында.
Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Қарт: Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы , Балалы үй – базар, баласыз үй - қу мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық – бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады, балам.
Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер!
Қарт: Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң Сәлеметсіз бе? , Кешіріңіз , Рахмет , Сау болыңыз , Сәлем айтыңыз , Рұқсат па деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз көңілді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
Барлығы: Иә, барлығымыз сақтаймыз.

Би: Қонжықтар қыздардың орындауында

Жүргізуші: Бүгінгі кеш осымен аяқталды,
Демеңіздер өнерін аяп қалды.
Келесі кездескенше сау болыңыз,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Келгендеріңізге рахмет!


Скачать


zharar.kz