Балалар қоян құр келмепті

Скачать

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы "Балауса" балабақшасы
тәрбиеші Сисенова Жадыра

Ойыншықтар әні
Мақсаты: Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Балалардың ойыншықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, сүйікті ойыншығын күтіп ұстауға үйрету.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ, жауап, қайталату.
Көрнекілігі: ойыншықтар, машина, доп, ыдыс - аяқтар, қуыршақ т. б.
Сөздік жұмыс: әдемі, шаш, секірді, тамақтанды.

Сабақ барысы: Шаттық шеңбері.
- Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Айда біреу аспанда,
Күнде біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?
- Күн суық болады, қар жауады, жел соғады.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ болады.
- Жел қалай соғады?
- Гу - гу - гу - гу деп соғады.

Ғажайып сәт.
(есік қағылады) Ішке машинамен қоян келеді.
- Балалар қоян құр келмепті. Қолында сендерге әкелген сыйлығы бар екен.
- Балалар, қараңдаршы, қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Сендер олардың қалай аталатынын білесіңдер ме? (Балалар доп деп жауап береді).
- Балалар доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Секіреді.
- Қане, барлығымыз допша секірейік.
Доп туралы тақпақ білесіңдер ме?

Айым: Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың, домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелкені сындырдың.
- Балалар, мұнда көптеген қуыршақтар бар. Қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақ қалай жүреді. (Балалар қуыршаққа ұқсап жүреді).
Мына ойыншық қандай?
- Машина
- Машина туралы тақпақ білесіңдер?
Бекзат: Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Мына ойыншық қалай аталады?
- Ыдыс - аяқ.
- Біздер ыдыс - аяқты не үшін қолданамыз? Аналарымыз тамақ пісіреді, ата - әжелеріміз шәй ішеді.(Балаларға шәй ішу тәсілі көрсетіледі).
Айқын: бізге ыдыс - аяқ туралы тақпақ айтып береді.
Кесе, шыны, пияла,
Оларсыз шәй құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз?(Балалардың жауабы)
- Балалар бұлардың атауын не дейміз?
- Ойыншықтар.
- Ендеше, Ойыншықтар әнін орындаймыз.
Біздерде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар ойнайды,
Айтқаныңды тыңдайды.
(Балалар әуенмен орындайды).
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Қоян
Қоян сендерге сыйлыққа не әкелді?
- Ойыншықтар әкелді.
- Сендерге ойыншықтар ұнады ма?
- Ұнады.
- Ойыншықтар туралы ән ұнады ма?
Ұнады.
- Балалар, қонағымыз сендерге риза болды. Енді рахметімізді айтып шығарып салайық.
- Барлығыңыз бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.
Сіздерге рахмет!


Скачать


zharar.kz