Өзін - өзі тану
Сабақ тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты
Білімділік: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдық көрсетуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Мейірімділікті білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Өзін - өзі тану курсы адамға өзін - өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.
(Сара Алпысқызы Назарбаева)
Үй тапсырмасы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай Құнанбаев
Абайдың қара сөздері.
Он төртінші сөз.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі.
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Жаңа сабақ
Мейірімділік – асыл қасиет
Мен апамның ай мен күні
Апам мені: “Айым” – дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: “Күнім” – дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Ойланайық, пікірлесейік
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Ой толғаныс
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
“Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады” дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен мейірімді баламын!
Мейірімділік – асыл қасиет жүктеу