Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже

34 - 35 сабақ
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру.
ә\Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
б\Көркем сөйлеу, тіл байлықтарын дамыта отырып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Түрі: аралас.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу - құралдарын түгендеу.
ІІ Өткен сабақты пысықтау..
а\Ертегіден түсінгендерін айту.
ә\Құстар біздің досымыз тақырыбында әңгімелеу.
б\ Қарлығаштың ұясы тақырыбында шығарма.
Фонетикалық жаттығу Таңырқау
- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?
Ай - ай - ай, ай - ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме:
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Бақыт жылы болғайсың!
Бізге беріп жаңа жыр,
Бізден алғыс алғайсың.

1. Жаңа жыл деп қай мерекені айтып тұр?
2. Наурыз мерекесін біз қалай қарсы аламыз.
3. Қандай салт - дәстүрімізді білеміз?
4. Ұлттық тағамдарымызды атаңдар.
5. Биыл қай жылды қарсы аламыз?
6. Өткен барыс жылы туралы әңгімелеу.

Сергіту сәттері. Есте сақтауын дамыту
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

2. Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
ә) Наурыз көженің қай кезде қалай жасалатынын тауып оқу.
3. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Наурыз көже неліктен қасиетті тағам саналады?
- Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосады? Атап бер.

IV. Сабақты бекіту.
1. Наурыз мерекесі бейнеленген сурет бойынша әңгімелеу.
2. Қош келдің Наурыз әнін шырқау.
3. Біздің мектебіміз Наурыз мерекесін қалай қарсы алады. Әңгімелеу.

V. Үйге тапсырма.
1. Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Қош келдің, Наурыз! тақырыбына шығарма жазу.
VI. Бағалау.


Скачать


zharar.kz