Дұрыс тамақтану принциптері

Скачать

Дұрыс тамақтану принциптері

Біздің сыртқы сұлулығымыз қандай қымбат опа - далаптар пайдаланып немесе атақты дизайнерлердің соңғы үлгідегі киімдерін киюден сұлу болып көрінбейді. Нағыз сұлулық адамның ішкі жағынан келеді. Егер адамның дені сау болса, бақытты әрі тартымды көрінеді. Бұл мақалада біз салауатты тамақтану туралы айтатын боламыз.

Дұрыс тамақтану принциптері
▪ Сіз тамақты шынымен қарныңыз ашқанын сезінген кезде ғана жеңіз.
▪ Тамақты асықпай, мұқият шайнаңыз.
▪ Тамақты тек қана отырып ішіңіз немесе жеңіз.
▪ Тамақты жегенде үлкен бөліктерін сол күйінде жұта салмай, кішкене бөліктерге бөліп, шайнауға ыңғайлы болатындай етіп жеген дұрыс.
▪ Тамақты тыныштықта және ыңғайлана отырып жеу қажет.
▪ Бір рет ас қабылдағанда 4 түрлі тағамнан артық қабылдамаңыз.
▪ Көп қимылдаңыз
▪ Тамақпен суды араластырып ішпеңіз, тамақты сіңдіріп барып су ішкен дұрыс.
▪ Тамақтың негізгі бөлігін түсте қабылдаған дұрыс.
▪ Ас қабылдау үстінде бөгде заттарға көңіл аудармаңыз, ойды тамаққа аударыңыз. Тәбетіңіз тартып жесеңіз тамақ сіңімді болады.
▪ Тамақ күнде жаңадан жасалып отыруы тиіс. Кешеден қалған тамақты қабылдай беруге болмайды. Қайта - қайта тамақ жасаудан ерінбеңіз.
▪ Ас табиғи өнімдерден дайындалуы керек.
▪ Клечаткалы өнімдерді көбірек тұтыныңыз. Жаңа піскен жемістер мен көкөністер әрдайым сіздің үстеліңізден табылуы керек.

Дұрыс тамақтанудың осы принциптерін ұстану сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіреді және дене пішінін қалыпты ұстауға көмектеседі.

Авторы: Жадыра
Сіздің де пайдалы кеңестеріңіз болса, пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз немесе поштаға жіберуге болады: kum2017@yandex


Скачать


zharar.kz