Физика пәнінің мұғалімі Ермекова Айдана
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: №1 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қозғалыс тарауына септер шығару, білімді жинақтау
Дамытушылық: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі: өз беттік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Бақылау жұмысын орындау
III. Бақылау жұмысын аяқтау, тексеру
IV. Үйге тапсырма: тарауды қайталау
1 - нұсқа
1. Мына өлшем бірліктерді түрлендіріңдер:
0, 8 м= см, 2, 9 дм= м, 380 м= км
2. Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобилдің жылдамдығы
неге тең?
3. Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз:
а) 10 км; ә) 126 см; б) 30 дм;
в) 1220 мм
4. Ұшқыш 100 км қашықтықты реактивті ұшақпен 2, 4 минутта ұшып өтті. Ұшақтың
орташа жылдамдығын тап.
2 - нұсқа
1. Мына өлшем бірліктерді түрлендіріңдер:
0, 4 м= см, 2, 5 дм= м, 250 м= км
2. Велосипедші 1, 5 м с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша
уақытта жүріп өтеді?
3. Жылдамдықтың берілген сан мәндерін м с - пен өрнектеп жаз:
а) 72 км сағ; ә) 100 см с; б) 36 м сағ
4. Автомашина 1500 м жолды 36 км сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.