Сабақ жоспары
Математика 1 сынып
Тақырыбы: Тура және тура емес теңдіктер
Мақсаты: Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс.
Көрнекілігі: карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Теңдік, теңдеу, теңсіздіктің ережелерін сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Бүгінгі сабақта балалар біз тура және тура емес теңдіктермен танысамыз.
Ереже:
Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік түрінде жазуға болады.
Тура және тура емес теңдіктер болады. Мысалы,
5 – 3 = 4 – 2 – бұл тура теңдік; 6 + 4 = 2 + 7 – бұл тура емес теңдік.
Тура және тура емес теңдіктердің айырмашылығын түсіндіру.
1 - Тапсырма. Суреттерге қарап теңдіктерді салыстыру.
Саябақта
Әр топта неше бала бар? Санды өрнектерді салыстыр.
Тура және тура емес теңдіктерді ата.
а) 1+4