Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер
Түрі ұсқынсыз болса да адамды өзіне еріксіз тартып тұратын кейбір адамды сіз де кездестірген боларсыз. Кейде әп - әдемі қыздар теңін таба алмай ұзақ жүріп қалады. Мұндай жағдай жігіттерде де орын алады. Кейбір жай қатардағы жігіт ерекше сұлуды қолтықтап бара жатқанда таңдана қарап қаламыз.
Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер суреттер қарау
Сезімталдық
Жалпы қоғамдық қалыптасқан пікір бар: келбеті келісті адам тартымды көрінеді деген, алайда бұл қате ұғым. Тартымды болуға мұның қатысы жоқ. Тартымды көріну бұл – өзіңді байсалды ұстау басқаларды өз ырқына бағындыру үшін өз - өзіңе сенімді болу.
Мақсаты айқын
Адам көздеген мақсатын анықтап алуы керек, мақсаты айқын болған кезде күресе біледі және мақсатына жетпей қоймайды.
Әзіл - оспақты түсіне білу
Бұл адамның елеулі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Әзіл - оспақты түсін білетін адам кез келген ортаның гүлі және қызықты жан ретінде есте қалады. Кейде орынды айтылған әзіл атылған садақтың жебесіндей адамды сеспей қатырады.
Икемділік
Бет - әлпетің қанша әдемі тартымды болса да, денеңді түзу ұстап жүрмесең бұл сұлулығыңа кесір. Егер сәнді қозғала білсең – би билеуде ме, жай жүрісіңде ме мүмкін тіл байлығында ма, бұл келбетіңді одан сайын безендіре түсері анық.
Сенімділік
Иығы салбырау, баяу, сенімсіз шыққан дауыс, жеке пікірі болмауы мұның бәрі – тартымсыз тұлғаның белгілері болып есептеледі.
Батылдық
Дүдәмал күй жағымды қарым - қатынас орнатуға ықпал етпейді. Батыл да еркін болуы керек: қандай балмұздақ жегің келгеннен бастап қай елде өмір сүргің келетініне дейін өзің шешу керек.
Ақылы жетік адам
Ақылды адам – өмір туралы дұрыс ой қорыта алады. Кез келген адамның жағдайына түсіністікпен қарау – бұл жағымды қасиет, адамды тартымды етіп көрсетеді.
Нақтылау
Адамның сыртқы келбетіндегі кішкентай ғана деталь, ол тіпті көрінер көрінбес болса да адамның назарын аударады және ол мәңгі есте сақталып қалады. Сондықтан детальға назар аударыңыз.
Қызықты сұхбат құра білу
Мұнда ой - өрістің кеңдігі ғана емес, сұхбаттасып отырған жанды тыңдай білу де маңызды. Тек өзің ғана сөйлеп, өзің туралы айта беру әбестік. Әңгімелесіп отырған адаммен тепе - теңдік сақтау қажет.
Ерекше қасиет немесе қылық
Әр адамның бойында өзіндік ерекше қасиеті (қылығы) болады. Кейбіреулер ол қасиетін аша алмайды кейбірі тіпті оны кемшілік деп есептейді. Алайда, адамның сол қасиеті басқалардан ерекшелеп тұрады. Сондықтан ешкімді қайталама, өз - өзіңмен ерекше бол!
Адамның келбеті уақыт келе өзгереді, ал ерекше қалыптасқан тұлғаңыз мәңгі қалады.
Дайындаған: Жайна