Қашықтық өлшем бірліктері

Скачать

Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Мақсаты: 1) Жылдамдық өлшем бірліктерімен таныстыру, уақыт, қашықтық өлшем бірліктерін пысықтау, оларды есеп шығаруда пайдалануға үйрету. Жылдамдық пен уақыт белгілі болған жағдайда қашықтықты табуды үйрету.
2) Жылдамдықтың, уақыттың және қашықтықтың өзгерісін, олардың арасындағы тәуелділікті және өзара байланысты қарастыру.
3) Ұйымшылдыққа, жылдам ойлауға, толық жауап бере білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жарыс.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Көрнекі құралдар: суреттер, жылдамдық, уақыт, қашықтық өлшем бірліктері, кесте (есептер)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақ мақсатын хабарлау, апта күні мен айды жазу. Оқушыларды үш топқа бөлу, өз тобының алда болуы үшін есептерді дұрыс, әрі жылдам шығару керектігін түсіндіру.

ІІ. Өткенді қайталау.
- Уақыт өлшем бірліктері?
- Қашықтық өлшем бірліктері?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сурет бойынша қозғалыс жайлы түсінік беру.
- Суретте қай дене қозғалыста?
- Трактор қозғалыста ма?
- Бала ше?
Келесі сурет бойынша не айтуға болады? Трактордың, жаяу адамның және машинаның қозғалысы жайында не айтуға болады? Олардың бір сағатта бара алатын қашықтықтары бірдей бола ма, әлде әр түрлі бола ма? Неліктен? Қайсысы басқаларынан жылдам қозғалады? Ал қайсысы баяу қозғалады?
Әр дененің қозғалысын кесіндімен көрсетелік.
- Жаяу адамның қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 километр
- Трактордың қозғалыс жылдамдығы сағатына 10 километр
- Машинаның қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 километр
Жылдамдықтың қысқаша жазылуы мен оқылуын көрсету, таныстыру.
Денелердің қозғалысына байланысты есептерді шығарып көрейік.
3 - есепті оқып, талдау.
Жылдамдық – 60 км сағ.
Уақыт – 3 сағ.
Қашықтық -?
Жылдамдықты уақытқа көбейту арқылы қашықтықты табуға болады.
Ш.: 60 км сағ.. 3 сағ. = 180 км.
Ж.: мотоциклші 3 сағатта 180 километр жүрді.
- Сонымен дене неғұрлым жылдам қозғалса, соғұрлым ұзаққа баратынын білдік. Ендеше, сендердің сабақты қалай түсінгендеріңді байқап, есептер шығару арқылы сендердің жылдамдықтарыңды байқайық.
- Есептерді топ бойынша жарыса орындаймыз. Әр топтың есептерді дұрыс және орындау жылдамдығына қарай суреттер (зымыран, машина, трактор) тапсырамын. Сабақ соңынан осы суреттер бойынша жылдам, әрі білімді топты анықтаймыз.
4 – есеп.
Есепті талдау, қысқаша шартын жазу. Осы есептерде жылдамдық, уақыт және қашықтықтың қайсылары белгілі? Қайсысы белгісіз? Белгісізді қалай табасың?


Скачать


zharar.kz