Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі мен шығармалары. Қазақтың аспаптық музыкасы. Х. Талғаровтың сөзіне жазған И. Нүсіпбаевтың Домбырасыз сән қайда әнін үйрету.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақтың музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру. Құрманғазының өмірі мен шығармаларын түсіндіру. Домбырасыз сән қайда әнінің мазмұнымен таныстырып, әнін үйрету
Тәрбиелілік: Оқушыларға, Отанын, ана тілін, халқының тарихын, мәдениетін, өнерді сүюге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, музыкалық ойлау қабілетін арттырып, белсенділігін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, баян, плакаттар, слайд, интерактивті тақта, музыкалық аспаптар
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау
ІІІ. Жаңа тақырыпты өту
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
• Қ. Сыдықтың сөзіне жазылған А. Жайымовтың Қазақстан әнін хормен, жекелей айтқызу
• Нота сауаты. Нота түрлері. (плакатқа жазылған нота түрлерін сұрау. Өлшемдерді ажыратып айтқызу)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру( Құрманғазының Сарыарқа күйі ойнап тұрады)
- Қазақтың табиғатын, салт - дәстүрін, ұлттық ойындарын суреттейтін бұл күйдің авторы Құрманғазы Сағырбаев. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
- Қазір сендерге қазақтың аспаптық музыкасы, Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы тарих пәнінің мұғалімі Анар Ахановна айтып, түсіндіріп береді. ( интерактивті тақта арқылы слайд көрсету)
- Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары халқымыздың тұрмыс - тіршілігін, салт - дәстүрін, дүниетанымындағы, тарихи заттай мұрасы, рухани - мәдени байлығы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының тарихы көне тас ғасыры б. з. д ХІ - Х мыңжылдықтарынан орта ғасыр кезеңін ХҮ - ХҮІІІ ғ. ғ кезеңдерін қамтиды.
Дәстүрлі музыкалық аспаптар тарихын қарастырудың өзегіне бұрынғы заманның сыр тартатын тас мүсіндері, жартас таңбалары, үңгір қабырғаларына салынған петроглифтер, археологиялық қазбалардан табылып анықталған түп - нұсқалар көне аспаптар негізге алынады. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа жіктеледі. Олар:
* соқпалы - шулы,
* сылдырлы,
* үрмелі, ыспалы,
* ішекті - шертпелі
Соқпалы - шулы аспаптарға дабыл, жорық дабылы, дауылпаз, даңғыра, соқпалы - шулы шыңдауыл, қос дүңкілдек
Сылдырлы аспаптар: асатаяқ, қоңырау, сылдырмақтар, дүңгіршек
Үрмелі - ыспалы аспаптар: үскірік, бұғышақ, шаңқобыз, тоз сырнай, ұран, керней, сыбызғы, қылқобыз, нарқобыз
Шертпелі, көп ішекті аспаптар: домбыра, шертер, керуіш, адырна, жетіген
Қазақтың музыкалық аспаптарында ойнайтын шебер күйші, қобызшы, әнші - жыршы өте көп болған. Солардың бірі күй атасы Құрманғазы Сағырбаев. 1806 жылы Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға дарынды екенін танытып, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Сондықтан ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс - тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Біздің заманымызға сазгердің туындыларының 60 - қа жуық ғажайып, көркем, асқақ сезімге толы күйлері жеткен. Құрманғазының алғашқы ұстазы Ұзақ, Ханбазар. Оның Адай біз тыңдап отырған күйі, Балбырауын , Сарыарқа , Ақсақ киік , Түрмеден қашқан , Ертең кетем , Кісен ашқан , Қайран шешем , Ақбай , Көбік шашқан , Аман бол шешем т. б. көптеген күйлері халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. Кішкентай атты күйі Бөкей ордасындағы халық азаттық көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлына арналған.