Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакатқа жазылған Қазақ хандығына - 560 жыл! Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың суреттері және өмірлерінен қысқаша мәліметтер жазылған буклет.
Сабақтың жүрісі: (10 б сынып оқушылары қатысады)
І бөлім. Хандар ауыл болып бөлінеді.
1. Жәнібек, Керей хандығының ауылы;
2. Қасым хан ауылы;
3. Әбілқайыр ханның ауылы;
4. Абылай хан ауылы;
5. Кенесары хан ауылы.
Жәнібек, Керей, Қасым, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары рөліндегі оқушылар өз хандықтарын қорғайды, таныстырады.
ІІ бөлім. Білімді сайыс .
Әр хандыққа екі - екіден сұрақтар қойылады. (Оқушылар жауап береді).
ІІІ бөлім. Ойлан тап . 1. Қазақстан , Қасым , Жәнібек сөзжұмбақтары беріледі (Әр ханның ауылы тез арада шешуі керек).
ІV бөлім. Жедел жауап . Әр хан ауылына арналған конверт ішінде сұрақтар болады. Конвертті ашып, жедел жауап беру керек.
V бөлім.
1. Жәнібек, Керей хандарының ауылы (шағын драмалық көрініс);
2. Қасым хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);
3. Әбілқайыр ханның ауылы; (шағын драмалық көрініс);
4. Абылай хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);
5. Кенесары хан ауылы. (шағын драмалық көрініс);
Соңғы қорытынды:
1. Жеңімпаз хандықтарды анықтау;
2. Бірінші, екінші, үшінші орындарды анықтап, марапаттау;
3. Әділқазылар алқасына сөз беріп, қатынасқан 8б сынып оқушыларына алғыс білдіру.
ІІ бөлім. Білімділік сайыс .
Жәнібек, Керей ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ. Қазақ хандығы қай хандықтан қай жылы бөлінді?
Жауап: 1456 жылы Амудария мен Сырдарияның арасындағы Әбілқайыр хандығынан бөлінді.
2. Сұрақ: Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын қай жерде құрды?
Жауап: Қазақстанның Жетісу жеріндегі сол кездегі Моғолстан хандығының жері Шу өзенінің бойындағы Қозыбас деген жерде Қазақ хандығын құрды.
Қасым хан хандығының ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ: Қасым хандық құрған уақытта Қазақ хандығының шекарасы қандай жерлерді алып жатты?
Жауап: Солтүстік шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзеннің жағалауларын қамтып, ал солтүстік батыста Жайық өзеніне жететін.
2. Сұрақ: Қасым ханның қасқа жолы деп не себепті айтылған?
Жауап: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Мәскеумен бірінші рет байланыс жасаған - Қасым хан. Бұл кезде князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505 - 1533). Сол жол күш бүгінге дейін жалғасуда.
Әбілқайыр ханның ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ: Әбілқайыр қай жылы үш жүздің ханы етіп сайлады?
Жауап: 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар Әбілқайырды үш жүздің ханы, әскерлерінің қолбасшысы етіп сайлады.
2. Сұрақ: Кіші жүзді Ресейдің құрамына кіргізуге елшілік жіберген хан және қай жылы?
Жауап: Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде жібереді. 1731 жылы Кіші жүз Ресей билігін мойындайды.
Дайындаған: Шарипова А. А.
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара). жүктеу