Кіріспе бөлім.
Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай - ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi - дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі. Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.
Мақсаты:
Бектауата маңындағы өсімдіктерінің бірі - аршаның түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
- Арша өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
- Аршаның түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету, халық медицинасында дәрілік өсімдік ретінде маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары шипалы емдік қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Нәтижесі: Арша өсімдігін күнделікті тұрмыста әртүрлі жағдайда пайдалана білуді кеңінен тарату, халық арасында арша өсімдігі аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Ұсыныс: егер біз арша жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашу, мектеп ауласына көгалдандыру мақсатында көптеп отырғызуын ұйымдастыру.
Қазақ даласы дәрілік өсімдіктерге өте бай өлке. Аталарымыз әрбір шөптің қандай пайдасы бар екенін ешқандай оқу орнын бітірмей – ақ жақсы білген. Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден - ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардың саны едәуір азайған.