Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту (26+34; 60 - 26)
Сабақтың мақсаты:
1. Разрядтан аттап қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін таныстыру;
2. Дидактикалық материалдар, логикалық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін, зейінін дамыту;
3. Достыққа, татулыққа, бір - біріне көмектесуге, сандарды әдемілеп жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа тақырып
Көрнекілігі: сандар, сюжетті суреттер, слайдтар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу - құралдарының толық алынуын қадағалау.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі біздерді ----------------- Ал төбеде көк шалғын
Жаттығуға тұрғызды. --------------- Сыбдырлайды көңілді
Бір дегенде қолымыз ------------ Екі деген кезде сен
Көтерілсін қолымыз. --------------- Түсіре ғой қолыңды.
Үй тапсырмасын тексеру. Слайд.
1 қатар 2 - қатар 3 - қатар
63+21=84
24+65=89
72+17=89
84 - 21=63
89 - 24= 65
89 - 72=17
Көркем жазу.
Математикалық диктант.
1. 30 - бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт. (30 - 13)- 8=9
2. 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - қос. (7+6) +9=22
3. 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос. 33+ (16 - 9)=40
Жоғалған саны тап ойыны.
20+50 =70
80 - 20 =60
20+60=80
60 - 20= 40
90 - 30 =30
Жаңа тақырып.
1. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
20+30=50
6+4=10
50+10=60
№2. Жазуларды пайдаланып, қосудың тәсілдерін түсіндіру.
26+34= (26+30)+4 = 56+4=60
26+34= (26+4)+30= 30+30=60
26+34= (20+30) +(6+4)=50+10=60
№3. Гүлдер теру ойны. Слайд.
50 - 20=30
10 - 6=4
30+4=34
№4. Азайтудың тәсілдерін түсіндіру. Тақтаға әр қатардан 4 оқушы шығып түсіндіреді.
60 - 24 =(60 - 20) - 4 = 40 - 4=36
60 - 24 =(60 - 20) +(10 - 4)=30+6=36
60 - 24= (60 - 4)- 20=56 - 20=36
60 - 24= (50 - 20)+(10 - 4)=30+6=36
Сергіту сәті:
Буратино керілді,
Бір - иілді, екі – иілді.
Қолын жанға созғаны,
Кілтті таппай қойғаны.
Жету үшін сол кілтке,
Көтерейік өкшені.
№5. Өзіндік жұмыс.
64+16= (60+10)+ (4+6)=70 +10=80
90 - 23=(90 - 20)- 3=70 - 3=67
70 - 24= (70 - 20)- 4=46
35+35= (30+30)+(5+5)=60+10=70
37+43= (30+40)+(7+3)=70+10=80
90 - 68= (90 - 60)- 8= 30 - 8=22
Шығармашылық тапсырма. (8+5)- 10=3
Кел, ойнайық! Аялдаманы хабарла слайд.