Ғалымдар

Скачать

Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады.

Зерттеу жұмысына қатысқан тағы да 140 адам ұйқылары қанбаған кезде өздерін жалғыз сезінгендерін айтқан

Көптеген адам ұйқысы үздіксіз дұрыс қанбай жүре беретін болса, салдары қандай болатынын білмейді. Шын мәнінде, мұндайда адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, көңіл - күйі түсіп, психологиялық күйзеліске ұшырайды. Бар болғаны осы емес. Жуырда Берклидегі Калифорния университетінің зерттеушілері
Nature Communications журналына берген мақалаларында ұйқысыздық пен жалғыздықты байланыстырған. Сондай - ақ, бұл жалғыздықтың бір адамнан екіншісіне жұғатыны белгілі болды.

Тәжірибе жұмысына түнімен әдеттегідей ұйықтаған немесе мүлдем ұйықтамаған 18 адам қатысты. Келесі күні олар психологиялық тестіден өтті. Аталған тестіге сәйкес, олар қарама - қарсы келе жатқан адамды өздеріне қажет қашықтықта тоқтатулары тиіс болатын.
Сондай - ақ, олар магнитті - резонанстық томографияның ішінде жатып видео көрді. Бұл видеода да оларға қарсы адам келе жатады. Екінші тәжірибе ұйқы қанбаған кезде мидың қалай жұмыс істейтіндігін білу үшін жасалды.

Екі тәжірибенің де нәтижесінде адамның ұйқысы қанбаған кезде қарама - қарсы келе жатқан жанды өздерінен әлдеқайда алыс қашықтықта ұстайтыны белгілі болды. Сондай - ақ, ұйқысы қанбаған кезде мидың адамнан төнетін қауіпке анализ жасайтын бөлігі қосылатыны анықталды. Ал керісінше мидың адамдарға жанашырлық танытатын бөлігі әлсірей бастаған.

Қорытатын болсақ, мұның барлығы соңында жалғыздыққа әкеліп соқтырады. Себебі, ұйқысы қанбаған адам өзгелерден тек қауіп - қатер төніп тұр деп ойлап, алшақтауға тырысатын болады. Осы зерттеу жұмысына қатысқан тағы да 140 адам ұйқылары қанбаған кезде өздерін жалғыз сезінгендерін айтқан.
Дереккөзі: sputniknews. kz


Скачать


zharar.kz