Балалардың құқықтары

Скачать

Презентация: Балалардың құқықтары.

Балалардың құқықтары
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап
Құқық - қоғамдағы адамдардың
өзара қарым - қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт.
Мораль - адамның іс - әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20 - қарашасында Балалар құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды.

- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
- Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы

Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:
1. Әрбір оқушы ҚР -ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар - намысы мен қадір - қасиетін сақтауға,
3. Табиғатты қорғауға
4. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті
Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде


Скачать


zharar.kz