Өзіңнің отбасылық мәселелерің туралы ұзақ әңгімені кейінге қалдыр

Скачать

Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек?
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара-қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы алғашқы кездесуге байланысты. Алғашқы кездескенен-ақ жақсы әсерде қалдыру үшін қыздар өзін қалай ұстауы керек?

Адамды тыңдай білу – өнер. Жай ғана тыңдау жеткіліксіз. Әңгімелесуге құлықты екеніңді білдіріп, сұрақтар қойып қызығушылық танытып отырғаныңды білдірген дұрыс. Айтқандарын мұқият тыңдап есіңе сақтауға тырыс, өйткені екінші рет кездесу кезінде қажетіңе жарап қалар.

Жігітпен алғашқы кездесу болғандықтан әңгіме кезінде бұрынғы қарым-қатынастарың туралы айтпай-ақ қойған жөн. Егер жігіт өзінің бұрынғысы туралы әңгіме қозғай бастаса тоқтатпа. Оның өткенін таңдау, жігітті жақынырақ тануға мүмкіндік берер. Болашақта оның көмегі тиіп қалар. Өзіңнің отбасылық мәселелерің туралы ұзақ әңгімені кейінге қалдыр. Егер жағымсыз әсер қалдырғың келмесе, көңіліңді қалдырған адамдар мен сәтсіздіктерің туралы айтып шағымданба. Бос уақытын қалай өткізетінін туралы сұраңыз, көбіне бейтарап тақырыптарда әңгіме қозғаған дұрыс мысалы, кино, музыка.

Би билеген кездегідей әңгіме-дүкен кезінде жігіттің басқаруына мүмкіндік бергенің дұрыс. Шынайылық танытып, әңгіме саған таныс емес, ұнамайтын тақырыпта болса, ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін түсінбегеніңді мойында.

Алғашқы кездесуге кешікпей бар. Уақытында бармаған жағдайда жігіттің көңіл-күйі бұзылуы мүмкін, әңгімелерің жараспай қалуы ғажап емес.
Ол адамның айтқанына толықтай келісе беруге болмайды. Әр адамның жеке өз көзқарасы болуы керек әйтпесе жасық, қызықсыз адам болып көрінуіңіз мүмкін.
Адамның сыртқы келбеті ең басты назарда. Сондықтан мұны ұмытуға болмайды. Жігіттер қауымы, көзбен сүйеді деген қағиданы ешқашан есіңнен шығарма және актуалдылығын жоймайды.

Өзің туралы толық ақпаратты алғаш кездескен кезде-ақ айтып салуға болмайды. Қыздар қауымы жігітті өзіне ынтықтырып тұрарлықтай ашылмаған құпияға толы болуы керек.
Кез келген адам сөйлесіп отырған жанның шынайы келбетін таниды. Алғашқы кездесу есте қаларлықтай болсын десең, шынайы әрі ақкөңіл болуың керек.

Дайындаған: Асыл

Қыз-келіншектер кеңесіңізбен бөлісуге болады, ол үшін жазбаны мына эл. поштаға жолдауға болады: @yandex немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады


Скачать


zharar.kz