Айгөлек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Үй құстары мен дала құстарын айыра білуге үйрету. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Билингвалық компоненті:
Құс – птичка
Тұмсығы – клюв
Құйрығы – хвост
Қанаты – крылья.
Дәлелдеп – талаптану
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз
Ұйымдастырушылық ізденіс
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді?
Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
Бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келді.
Қасқырдың тапсырмасы
Үй құстарын ата
Қоянның тапсырмасы
Дала құстарын ата
Аюдың тапсырмасы
Жұмбақтар жасыру
Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтаңдап
(балапан)
Шабақ іліп жүреді
Айдың судың түлегі
(ШАҒАЛА)
Бұл құсты кім біледі
Бізге ұя жасап береді
Ол қандай құс балалар
(қараторғай)
Көкте ұшып жүреді
Өзі сондай қарқылдақ
(қарға)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қане қанат жасайық
Торғайға ұқсап ұшайық
Ұшып - ұшып алайық.
Дидактикалық ойын:
Түлкінің тапсырмасы
Құстардың суретін бояу
Қимылды ойын
Ұшты - ұшты
Құстар жүктеу