Дыбыс жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс жазу. Фонограф. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Фонограф бағдарламасына бару жолдарын үйрету. Фонограф бағдарламасында практикалық жұмыс жасауға үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Дыбыс жазғанда микрофонды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, практикалық тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Слайдтар, Микрофон, Үлестірмелі бетше

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды үш топқа бөлу алдынғы сабақтағыдай.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 топ
1. Блокнот бағдарламасын іске қосу әрекеті атаңыз.
2. Қағаз пішімі, өріс мөлшері, беті альбомдық немесе кітаптыққа ауыстыру әрекетін атаңыз.
3. Формат - шрифт әрекетін не үшін керек.

2 топ
1. Калькулятор бағдарламасын іске қосу.
2. Қарапайым түрі функционалдық батырмаларын атаңыз

3 топ
1. Инженерлік калькулятор ашу әрекетін атаңыз
2. Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларын атаңыз
3. Қосымша функционалдық батырмаларын атаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мультимедиа сөзін естіп пе едіңіздер?
Мультимедиа - бұл компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, әуенді және анимацияларды қозғалыста болу қолданатын бағдарлама.
Мульти - көп, медиа - мәтін, дыбыс, бейне қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Мультимедиа компьютерде қолдану үшін қосымша аппаратық жабдықтамалар болу керек. Олар:

1. Колонкалар, динамик, құлаққалқа
2. Микрофон
3. Дыбыс картасы
Windowsxp қолданбалы мультимедиалық бағдарламалар:
- wav пішімінде дыбыстық файлдар жазуға, өңдеуге, ойнатуға Звукозапись бағдарламасы
- Дыбыстық файлдармен бейнефайлдар ойнатуға арналған әмбебап Windows Медиа ойнатқышы
- Бейнемонтаж құралдары бар Windows Movie Maker бағдарламасы.
2. Windows Медиа ойнатқышымен мына жазбалар түрлерін ойнатуға болады:
- әуендік компакт - дискілер мен DVD – дискілер
- әр түрлі пішімдегі жергілікті аудио және бейнежазбалар
- интернеттің ағындағы аудио және бейнежазбалар
Windows Медиа ойнатқышы бағдарламасы қосымша қызметтеріне мыналар жатады:
- әуендік компакт - дискіден жолдарды көшіру,
- әуендік компакт - дискілер жазу
- компьютерде мультимедиалық жазулар кітапханасын жүргізу


Скачать


zharar.kz