Сауат ашу
Тақырыбы: Ёё дыбысы, әрпі.
Мақсаты: 1. Ёё әрпін таныту, дауысты дыбыс екендігі, орыс тілінен енген сөздерде кездесетіндігін, оның айтылу, жазылу ерекшелігін меңгерту, е әрпі бар сөздерді дұрыс, қатесіз жазуға төселдіру, сөздерді тұтас оқу дағдысын жетілдіру.
2. Ойлау есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, сызбалар, текшелер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық. Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау.
2. Өткен сабақты қайталау. Балалар бауырсақ туралы ертегіні кім біледі?
- Ата мен әжеден қашқан бауырсақ кімге жолығады?
- Аюға.
- Дұрыс. Аюдың арқасында үлкен кәрзеңкесі бар екен. Бауырсақтан шошыған аю арқасындағы кәрзеңкесін құлатып ішіндегі әріптерін шашып алыпты. Кім жинауға көмектеседі?
Шашылған әріптер ойыны.
Домалап келе жатқан бауырсақ қоянға кездеседі. Қоянның жұмбағы:
Қос бүйірін таянып
Тұрады ылғи қай әріп
(Ф әрпі )
Ф дыбысы қандай дыбыс?
Ф дыбысы қалай айтылады?
Буын қос ойыны
Фа, фо, фу, оф – фабрика, форма, фуражка, офицер.
Футбол, телефон, фонтан, сөздерін кеспе әріптен құрап, дыбыстық талдау жасау.
Әліппеден сөздерді оқу. Буын дыбыс сөйлем сызбаларын көрсету. сөздерді буынға бөлу.
Сөйлем құрастыру.
Қасқырға кездеседі.
Жаңа сабақ: Көмірді көрсету.
- Бұл не?
- Бұл көмір.
- Ол не үшін керек?
- Отқа жағу үшін.
- Көмірді қайдан аламыз?
- Жердің астынан қазып аламыз.
- Кім оны қазады?
- Шахтёр.
Шахтёр туралы әңгіме жүргізу.
Сөзге дыбыстық талдау жасау.
Ёё дыбысын бөліп алу. Ёё И+О Ю, Я
Баспа, жазба түрін көрсету.
Неге ұқсайды? шахтёр, монтёр, шофёр сөздерін қима әріптеп құрату, буынға бөлу, сөйлем құрау.
Сергіту сәті.
Бекіту: Түлкінің тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс, Шахтер өлеңін оқу. Шахтер, шофер мамандықтары туралы әңгіме жүргізу.
Сөздік: қопарып, зәулім, үйеді, жылы.
Жазу дәптерімен жұмыс: Ёё әрпін жазу. Оқулықтағы мәтінді дауыстап 4 балаға оқыту. Сөздерді қатыстырып сөйлем жазу.
----- --- ---- Шахтёр көмір қазды.
------ ------ Шофер машина айдап жүрді.
Тақтада қима қағазбен жұмыс: шофер, монтер, вокзал, хабар, футбол.
Қорытынды: Не үйреніп? Не білдік?
Қандай әріппен таныстық?
Үй тапсырмасы: 103 бет мәнерлеп оқу.