Бауырмалдық және кеңпейілділік

Скачать

1 – слайд. Тақырыбы: Бауырмалдық және кеңпейілділік .

2 – слайд. Шаттық шеңбері. - Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
Қане барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын, өткен сабақта біз әдептілік жайлы өткен болатынбыз, ендеше әдептілік танытайық.
Алдымызда кездескен,
Көп қонақты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

Балалар біз өткен сабақтарымызда әдептілік, сыпайылық және сонымен қатар адамдар арасындағы қарым - қатынас туралы қарастырған едік.
Қазақ жерінде қазіргі таңда 136 - дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - Кең болсаң, кем болмайсың , Кекшіл болма, көпшіл бол деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. Сонымен қатар біздің еліміз кеңпейіл, жомарт – дархан халық. Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде Бауырмалдық және кең пейілділік деген тақырыпты қарастырамыз.

Жақсы болсаң – жердей бол,
Шыдап бәрін көтерген.
Таза болсаң – судай бол,
Жуып бәрін кетірген – деген сияқты адамның да бойындағы осы сынды жақсы қасиеттердің терең дамуына түрткі болу және оқушылардың бойында жомарттық, қолы ашықтық сияқты адамзатқа тән жағымды қасиеттерді дамыту.

Лашын құсқа ауа қадірлі,
Жүйрік атқа дала қадірлі,
Ата – анаға бала қадірлі дегендей, оқушылардың бойында бір - біріне деген бауырмалдықтарын, кішіпейілділіктерін және жақын туыстарын, достарын сыйлай, құрметтей білуге үйрету мәселелерін қарап, талдаймыз.

Мақсаты: оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
- оқушыларға кеңпейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;
- оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, түрлі – түсті қағаздар

Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, Н. Шәкеновтің Кел, достар өлеңін айтады.
Кел, достар
Сөзі Н. Шакеновтікі
Әні Б. Байқадамовтікі
Алмалы Алатау асқарынан,
Келеміз көңілді ән шырқап.
Күн сүйген қазақтың жастарынан
Сәлем ал, жалынды жас ұрпақ!
Қайырмасы:
Шаттық әнін
Шырқаңдар әлемге, кел, достар!
Махаббатпен,
Салтанатпен
Адымда, алға бас, жолдастар!
Кең пейіл Отанда қарсы аламыз,
Бақыт құс қонсын деп әр елге
Біз жастар жаңғыртып жар саламыз,
Бейбіт күн болсын деп әлемде!

- Балалар қазір 1 - 2 - ге тізбектей санап, 2 топқа бөлінейік.
- Орындарыңа отырыңдар, сабағымызды жалғастырайық.

Әңгімелесу
Балалардың өзіндік ой - пікірін өзгелермен ашық та еркін бөлісуіне қажетті алғышарттар жасау мақсатында балалармен әңгімелесу, пікір алмасу ұйымдастырылады.

- Балалар бұл сабақта Кеңпейілділік , Бауырмалдық сөздерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап түсіндіруге күш саламыз. Сөз мағынасын түсіндіріп, анықтап алуда мынадай әдіс - тәсілдерді пайдаланайық.
1 – топ Кеңпейілділік , Бауырмалдылық сөздерінің мағыналарын анықтауда синонимдік тәсіл тиімді болады. Яғни қарастырылып отырған сөздің синонимдерін табу немесе ұқсас сөздерді табу. Мысалы: Бауырмалдық, кеңпейілділік, туысшылдық. Бұл әдіс алынып отырған құндылықты терең және жан - жақты түсінуге тиімді.
2 – топ Бүгінгі сабақта талқыланып отырған түсініктің мағыналарын үстемелей анықтап, аша түсу үшін - антонимдік тәсілді де пайдаланады. Яғни оқушыларға қарастырылып, отырған сөздің антонимдерін немесе қарама - қарсы сөздерді табуды тапсырады. Мысалы: Бауырмалдық, тасбауыр және т. б.


Скачать


zharar.kz