8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту Қазақстанға сиқырлы саяхат
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Алып жатыр жарты дүние әлемін!
Қасым Аманжолов
Сабақтың мақсаты: оқушылар өткен модульдер бойынша білімдерін тиянақтап, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімдік: танымдық, қатысымдық біліктіліктері артып, өзіндік пікірін білдіруде тілдік бірліктерді сауатты қолданады, талдап, салыстыра біледі, сабақ барысында пәнаралық білімін қолданады.
2. Дамытушылық: ой - өрісі кеңіп, шығармашылық белсенділігі, диалогтік сөйлесу икемі артады, тіл мәдениеті дамиды, пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: өзгелердің пікірін құрметтеп, бір - біріне деген өзара көмек, Отанына деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО элементтері, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: қайталап жинақтау - тіл дамыту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта суреті, сипаттама, үлестірме материалдар
Пәнаралық байланыс: география, тарих
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (1 - 2 минут)
Тілдік ортаға ену: оқушылармен сәлемдесіп, күн, ай, апта атауы туралы қысқаша тіл қатысу, топтарға бөлініп отыру.
А) Қызығушылығын ояту (2 - 3 минут)
Сабаққа кіріспе: - Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыптарды қорытындылап, тілімізді дамыту мақсатында саяхат - сабақ өткізгелі отырмыз. Сабағымызға кіріспе ретінде мен сендерге мынадай бір аңыз әңгіме (1 - қосымша) айтып берейін. (Мысал үзінді) Ертеде... Сонымен қатар оның Құлыншақ - Тұлпар, Балапан - Бүркіт, Бала - Барыс (1 - слайд) сияқты өте сенімді достары бар еді...
Ақ Ботақан достарына әжесінің туған күніне сыйлаған сыйлығын көрсетті .
- Балалар. Сендер Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы... Оқушы жауабына орай аңызды жалғастыру).
... Әжесі Ботақанға көгілдір түсті матаға жібек жіппен тіккен сурет сыйлапты...
- Осыны қалай білсек екен? (2 - слайд – карта)
- Қалай дегенің не? – деді, достары бірауыздан.- Саяхатқа шығайық!...
Таудан үш жол басталады екен: біреуі – батысқа, екінші жол – оңтүстікке, ал үшіншісі солтүстікке бет алған... (3 - слайд)
... Төртеуі осыған келісті де, саяхаттарын әрі қарай жалғастырды .
Сонымен, балалар, бұлардың Қазақстанға сиқырлы саяхатына (4 - слайд) сәт сапар тілеп, олар қайтып оралғанша осы карта бойынша біз саяхатымызды жасап, білімімізді ортаға салайық! Саяхатымыз сәтті болу үшін біз сендермен бірқатар тапсырмалар орындауымыз керек. Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.