Тақырыбы: Тіл - дәм сезу мүшесі
Жалпы мақсаты: Дәм сезу мүшесінің қызметі туралы түсінік беру. Тілдің құрлысымен таныстыру.
Міндетті: Тілдің дәм сезу мүшесі екенін түсіну. Оның гигиеналық талаптарын сақтау.
Күтілетін нәтиже: Тілдің дәм сезу мүшесі екенін түсінеді. Оның гигиеналық талаптарын сақтайды
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар,
Сабақтың жүру барыс
I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Көңіл күйлеріңіз қалай?
Керемет!
Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
Тамаша!
Ынтаңыз ше?
Ғажап!
Ендеше сабағымызды бастайық
О - о - о
II. Топқа бөлу
Үстелдің үстінде жемістер және кәмпит жатады. Оқушылар өздерінің ұнатқан заттарын алады. Сол ұнатқан заттары бойынша топқа бөлінеді.
III. Ойланып, жауап бер.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мұрын қандай мүше?
2. Қандай мұрын ауруларын білесің?
3. Иіс сезу мүшесін не нашарлатады?
4. Мұрнымызды қалай күтеміз?
5. Мұрын қуысы бітеліп қалған жағдайда ол адамды дені сау деуге бола ма?
Шаблондар арқылы бағалау
1. Білу. Ой қозғау.
Қолдарына алған заттардың дәмін татқызу.
Ащы, тұщы, тәтті екенін айтады. Олардың дәмін қалай білдіңдер? Тіл арқылы
IY. Жаңа сабақ
Тіл - дәм сезу мүшесі.
Электронды оқулықпен жұмыс. Оқулықтан тілдің құрылысы туралы мағлұмат беріледі.
2. Түсіну. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген мәтінді оқу. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап алу
3. Қолдану
Сергіту минутын өткізу
Ойын: Эмоция арқылы көрсет. Ойынның шартымен таныстыру.
Y. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген мәтінді оқыту. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап алу.
YI. Талдау.
Сарамандық жұмыс. Жұптық жұмыс.
Аузымызды жауып отырып, сөйлесе аламыз ба? Ыммен түсіндіре аламыз ба? Қорытынды жаса.
Тілмен тағы не істейміз?
Сөйлесеміз.
Тіл - қатынас құралы.
Біз қай тілде сөйлесеміз?
Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.
YII. Жинақтау. Топтық жұмыс
Әр топқа жемістер, көкөніс, кәмпит беріледі.
Сол заттарды сипаттап жазу керек. Яғни пішінін, көлемін, түрін, түсін, дәмін т. с. с
YIII. Бағалау
Өзіңді бағала
Бүгінгі сабақтан не түсіндің?
Бүгінгі түсінгеніңді қаншаға бағалар едің?
Осы бағаны неліктен таңдадың?
IX. Үйге тапсырма беру.
X. Кері байланыс.
Сабақ туралы пікірлерін смайликтерге жазып қалдырады