Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№240 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдуллаева Оралсын Кемелханқызы
Біз бақытты баламыз!
Мақсаты: білімділік – оқушылардың көркем тілмен мағыналы да мәнерлі сөйлесуін меңгерту, қалыптастыру;
Тәрбиелік – елжандылыққа тәрбиелеу, Отан – отбасың, Отан құрбы жолдасың, Отан – туған жерің, Отан - Қазақстан сен сол мемлекеттің перзентісің, сондықтан да сен сол Отанды сүйе біл деген ұлы сезімді жас ұрпақ бойына қалыптастыру.
Дамытушылық – дүниетанымын молайту, кеңейту.
Көрнекілігі: ССРО - ның картасы, қазақстандық даңқты батырлардың суреті, Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке арналған фотоальбом, соғыс көрінісіне арналған диафильм, ерлік туралы мақал – мәтелдер.
Мұғалім: 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Бұл соғыста Қазақстаннан 1 млн 196 164 адам майданға аттанды. Ал еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Бұрын соңды болып көрмеген бұл сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскери дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 - ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды.
Нұргүл
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Мұғалім: Балалар! Соғыс деген суықта қатігез сөзді біз қалай түсінеміз? Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе? (Схема арқылы оқушылардан жауап алу).
Нұрбақыт
Ел басына қиын – қыстау күн туған сол отты жылдарға көз жіберсек, халқымыздың мәңгі ұмытылмас оқиғаларға толы қаһармандығы көз алдымызға елестейді. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып қар төсенсе де батырлық көрсетуден таймаған ержүрек жауынгерлер қаншама? Олардың ерлігіне бас иеміз.
(Совет Одағының батыры - Қарсыбай Сыпатаев атты кітапшадан)
Б. Гүлсезім
Сақадай сайланған жау танкісінің жалпы саны - 28. Қарсыбайдың қолында жалғыз ғана мина. Үш жақтан жұлқына шабуыл жасаған тілсіз жаулар. Қоқан хандығына қарсы көтеріліске қатысқан Балапан қарияның немересі, Амангелді сарбаздарынан ерлігі үшін жүйрік тұлпар мен алмас қылыш алған, Сыпатай батырдың бел баласы Қарсыбайды жау жеңе алмады.
(Генерал - майор, мәскеулік В. Г. Данекеевичтың естелігінен)
М. Гүлсезім
Совет Одағының батыры, ар - ожданы биік, жиырма төрт жастағы балаң жігіт, мінезі ашық, ақжарқын, қайсар Қарсыбай Сыпатаевтың ерен ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз.
Ерлікпен қаза тапты арпалыста,
Қыршынның болды өмірі сонша қысқа.
Батырдың сол жасаған ерліктері
Болады мәңгі бақи бізге нұсқа.
Фарида
Арыстандай ашулы фашистер Кеңес Одағына қарсы 190 дивизиясымен соғысқа шығып, ержүрек Кеңес жауынгерлерінен ойсырай жеңілді. Әсіресе Сталинградта айбынды жауынгерлер 140 күн жаумен бетпе-бет айқасты. 330 мың неміс әскерлері мен офицерлері, фельдмаршал Паулюс бастаған 24 генерал қолға түсті, сөйтіп жау ең негізгі күшінен айырылды.
Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар
(Халық қаһарманы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы).
Нұрмұхаммед
Адам ешқашан анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. Табандылықтың атасы танымды тәрбиеден бастау алады.