Біз сап - сары балапан, Күні бойы шақылдап

Скачать

Тақырыбы: “Үй құстары”(1 - кіші топ)

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздерме, қонақтар! Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, жылулық шеңберін құрайық!
Кел бәріміз тұрайық
Шаттық шеңберін құрайық
Армысың шапағатты күн - Ана!
Армысың қайырымды аспан - Ана!
Армысың мейірімді жер - Ана!
Құт дарын, бар әлемді жарылқа!
Ал, енді балалар бір - біріңе, жүрек жылуын сыйлап, сабағымызды бастайық.
Еліміз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын
Ата - анамыз аман болсын!
Біз аман болайық!
Балалар бүгін бізде, Үй құстары туралы ашық оқу іс - әрекеті. Бүгінгі күндерің сәтті болсын!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінше неше ай бар?
- Үш ай: наурыз сәуір мамыр.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Шөптер өседі, қар ериді, күн жылынады. Малдар төлдейді, жаңбыр жиі жауады, құстар қайта оралады.
- Кім көктем туралы тақпақ біледі?
Көктем, көктем көктемде,
Күн нұрын төкенде.
Көп шыбық былтырғы,
Көгереді, құлпырады.

Құстар, құстар келеді.
Жерді жырға бөлді.
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
- Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Құстар
- Ендеше, балалар бүгін біз табиғаттың бір бөлшегі құстар туралы айтамыз!
- Балалар қандай құстарды білеміз?
- Қарлығаш, торғай, сауысқан......
Құстар екіге бөлінеді.
Үй құстары: күркетауық, тауық, қаз, үйрек Үй құстары деп аталады, себебі оларды үйде асыраймыз.
дала құстары: қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан т. б. дала құстары деп аталады, өз жемдерін даладан табады.

Сергіту сәті
Қолымызды жаямыз қанат қылып
Адымдап жүреміз тауық болып
Дән шоқимыз тереміз
Ұшып - ұшып, ұшып - ұшып
Орнымызға қонамыз

Ғажайып сәт:
Балалар, топ шетінде тұрған кішкене күркеге назар аударыңдар. Тауық күркенің есі гі жабық тұр. Осы үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешесіндер, мына тауық күркенің есігі ашылады.

Ерте тұрады, жар шақырады (Әтеш)

Күн бата қонақтап
Таң ата жерден жем аңдыған (Тауық)

Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтаңдап (Балапан)

Осы кезде күрке ішінен тауық, әтеш, балапан шығады
Әтеш: Мен - қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсалып,
Елді оятып жар салып.

Тауық: Мен - ақ тауық, ақ тауық,
Жүремін мен мақтанып.
Құс болсамда ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын.
Балапан: Біз сап - сары балапан,
Күні бойы шақылдап.
Жерден дәнді тереміз,
Анамыздан қалмаймыз.
Енді балалар Кім тапқыр ойынын ойнап жіберейік.
Қорытынды: Балалар, жарайсыңдар санынан жаңылмай дұрыс тауып әтеш пен тауық суретін шығардыңдар. Олай болса балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз аяқталды.


Скачать


zharar.kz