Ертегі терапия сайысы

Скачать

Отбасылық сайыс
Тақырыбы: Әке – ер, ана – жігер,
Бір үйде екі кемеңгер (1 – сынып)

Тақырыбы: Әке – ер, ана – жігер,
Бір үйде екі кемеңгер
Мақсаты: Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру, балалар өмірінде ата – аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайдтар, суреттер, шарлар, кеглдер, қанатты сөздер.
Түрі: отбасылық сайыс

Барысы:
Кіріспе бөлім:
1) Кіріспе сөз:
Құрметті, ата – аналар, оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін сіздер Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер атты жанұялық танымдық ойынға жиналып отырсыздар.
Баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

2) Қатысушылармен таныстыру
3) Қазылар алқасымен таныстыру
4) Ойын шартымен таныстыру
1. Менің отбасым (таныстыру бөлімі)
2. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер (ата – ананың баласына үйреткен өнері)
3. Ертегі терапия сайысы
4. Ой қозғау (сайысы ата – ана жағдаят сұрақтарына жауап береді)
5. Көңілді старт (кедергіден өтіп, ата – ана да, бала да сұраққа жауап береді)
6. Қызықты сұрақтар (көрермен ата – аналар сұрақтарға жауап береді)
7. Бала тілегі (балалардың тілегін тыңдау)

1 – жүргізуші:
Осынау іс – шараға келіпсіздер жиылып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне.
Ұлың өсіп келеді, ата – ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.

2 – жүргізуші:
Қыз бой жетіп келеді шуақ шашып әр үйге
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.
Ата – ананың жүрегі бала деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.
І бөлім: Менің отбасым (таныстыру бөлімі)
- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата – ана алдында нәзік те қиын, қыр – сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы – ата – ана. Бала үшін үй ішінен, ата – анадан артық тәрбиеші жоқ. Олай болса біздің бүгінгі сайыскерлеріміз өз отбасылары туралы таныстырып кетсін.


Скачать


zharar.kz