Тұманбай Молдағалиев өлеңі
- Мың жасапты мына ағаш,
Көпті көрген о да қарт.
Қыз бен жігіт аралас
Қарай қалдық тұра қап.
Биік емес оншама,
Аласа да емес ол.
Жасады екен соншама,
Жасады екен неге сол.
Мұны күткен сан адам
Болды бәрі топырақ.
Мықты болды - ау солардан
Анау тұрған жапырақ
Бәрін қолдан жасайтын,
Жауап - беріп бәріне.
Өмірді адам осындай
Армандайды, әрине.
Мәңгі ажалды қуардай
Болмағанмен бірлігі
Осы ағашта тұрғандай
Талай адам тірлігі
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері